38.Ядролық жарылыстардың салдары Ядролық жарылыс нәтижесінде орасан зор қирау орын алуда. Экологияға орны толмас зиян келтірілуде. Планетаның озон қабаты бұзылады. Климаттық өзгерістер орын ала бастайды.Ядролық жарылыс шаңды, күлді ауаға көбірек шығарады. Түтін, бұлттар пайда болады. Күн сәулесі жер бетіне жете алмайды, температура төмендейді.
Ядролық жарылыс өртті бастайды. Атмосфераға түсетін жану өнімдері пайда болады озон қабатының бұзылуы. Барлық тірі адамдар күн радиациясына ұшырай бастайды, бұл күйікке, адамдарда қатерлі ісікке әкеледі. Өсімдіктер фотосинтезді тоқтатады және өледі. Мұның бәрі озон қабаты қалпына келгенше жүздеген жылдарға созылуы мүмкін.
Ядролық жарылыстың салдары барлық тіршілікке әсер етеді. Суық тропикалық флора мен фаунаға әсер етеді. Су қоймаларындағы азық-түлік базасының төмендеуі балық пен суда жүзетін жануарларға әсер етеді. Экология нашарлайды. Су мен азық-түлік тапшылығы болады.
39.Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлеріне сипаттама,жіктелуі,атаулары Қатты әсер ететін улы заттар ҚӘУЗ — бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық (авариялар) жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялык қосылыстар.
ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия (мұнайхимиясы) мұнай өндеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объектілерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.
Бұл: заттар өздерінің қасиеттері бойынша әртүрлі болып келеді. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға бөлуге болады:
а) тұншықтырғыштық әсері басым заттар;
б) жалпы улылық әсері басым заттар;
в) түншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;
г) өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар (нейротропты улар);
д) түншықтырғыштық және нейротроптық әсері бар заттар;
е) метаболдық улар;
ж) заттардың алмасуын бұзатын заттар.
Улағыш заттар - химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады.
Улағыш заттар
Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі улағыш заттардың аяғы өлімге әкеліп соқтыратын негізгі тобын құрайды. Оларга құрамында фосфоры бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін улағыш заттар жатады. Олар — табун, зарин, зоман және т.б. Жалпы әсерлі улағыш заттарға көгерткіш кышқыл, хлорциан, арсин, фосфин және т.б., ал тұншықтыратын улағыш заттарға фосген, дифосген, хлорпикрин т.б. жатады. Теріге әсер ететін улағыш заттар аяғы өлімге әкеліп соқтыратын улағыш заттарға жатады, олардың қатарына иприт, азоттық иприт, люизит т.б. кіреді.