1 сурак жауабы Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың



бет1/2
Дата17.07.2023
өлшемі24,58 Kb.
#104462
  1   2
Байланысты:
1 сурак жауабы



1 сурак жауабы
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халқының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды.
2 сурак жауабы
Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды.
3 сурак жауабы
Бұл мәдениетте үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленетін зираттардың орнына бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болған.

Қауым мүшелерінің арасынан малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Жеке меншік – малға, ал жерге – қауымдық, рулық меншік болды.
Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірінің тайпалары рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрген. Кейінгі қола дәуірінде басталған алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы уақыт өткен сайын күшейе түскен. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі арта түсті. Қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы орныға келе, әлеуметтік теңсіздік туды.
4 сурак жауабы
Қазақтың ат әбзелдеріне ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, айыл, пыстан, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр, қамшы және т.б. жатады. Сондай-ақ, аттың айылы ердің қаңқасына тағылатын, көбіне қайыстан жасалған ат арқасына ерді берік бекітетін жабдықтар айыл-тұрман тобын құрайды. Айыл-тұрман жасалу ерекшелігіне қарай қайыстан жасалған өрмелі, берік матадан жасалған ызбалы сияқты түрлерге бөлінеді. Ат әбзелдерінің түрлерінің сан алуандығы ертедегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен тікелей байланысты болды. Ауқатты байлар, ел басқарған хандар, сұлтандар мен билер ат әбзелдерінің түрлі асыл тастар мен бағалы металдармен әшекейлеп жасаған қымбат түрлерін қолданды. Ат әбзелдерінің қатарына сан алуан қамшы түрлері де жатқызылады.[1] Жүйрік ат, алтын жалатылған ер-тұрман, сұлу жар – ер-азаматтың ажары. Әсіресе мінген аты мен ер-тұрманына ер адам үлкен мән берген, ауыл-аймақ оны соған қарап бағалаған. Әбзел жасайтын, ер қосатын шеберлер мен өрімшілерді халықта құрметтеп, олардың еңбегіне көп мал төлеген, мысалы, күмістелген бір ер-тоқымға бір ат төлеген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет