Егер ротордың орамасы статордың орамасына келтірілген болса, онда
және . Ротордың орамасымен аққан I2 тоғы ротор жиілігіне f2 сәйкес келетін, роторға қарағанда n жылдамдықпен айналатын F2 магниттеуші күшін тудырады. Ротордын өзі n2жылдамдықпен айналады. Сондықтан, ротордың F2МК-і статорға қарағанда n+n2жылдамдықпен айналады.
.
Сол себептен, , яғни ротордың F2МК-і кеңістікте әрқашанда (жұмыстың режиміне байланыссыз) статордың F1МК-і бағытымен және сол сияқты жылдамдықпен айналады.
31. статор орамасынын полюстер санын озгерту аркылы онын айналу жилигин калай озгертеди
Полюстардың жұп сандарын өзгерту үшін статорда әртүрлі полюс саны бар орамаларды орналастырады немесе бір полюсті аударғыш ораманы (оның бөлек мүшелері әртүрлі полюстер санға қосылуы мүмкін) қолданады. Мұндай әдіс көп жылдамдықты деп аталатын арнайы асинхронды қозғалтқыштарға қолданады. Көп жылдамдықты қозғалтқыштар жылдамдықты баспалдақты (сатылы) өзгерткен кезде қолданады (металл өңдеу станоктар, лебедкалар, т.б.)
Полюсті – аударғыш ораманың жалғауы полюстердің санын 2:1 қатынасқа өзгерткенде өте жеңіл болады (10.1-сурет).
Екі секция бір ізбен қосылғанда магнит өрісі төрт полюсті құрады (10.1 а – сурет); екі секцияны параллельді қоссақ, онда магнит өрісі екі полюсті құрайды (10.1 б-сурет).
Егер де статорда осындай екі ораманы орналастырсақ, онда төрт жылдамдықты қозғалтқыш болады. Мұндай қозғалтқыштар басқа сондай қуаты бар жалпы өнеркәсіп қозғалтқыштарға қарағанда көлемі және бағасы асырыңқы болса да кең қолданылады.
Сонымен, ротор тізбегінің активтік кедергісін өсірген кезде максимал момент шамасын өзгертпей, сырғанаманың үлкен мәнді аймағына қарай жылжиды (8.3-сурет).
8.3-суретте моменттің төрт қисығы ротор тізбегіндегі қосымша активтік кедергілердің RЌОС. әртүрлі төрт мәнінен сәйкес келеді, I-қисық RЌОС=0 болған кезде алынады (табиғи сипаттама). RЌОС шамасын тандап алу үшін электр жетектің талаптарына сәйкес қажетті жүргізіп жіберуші моменттің шамасымен анықталады. Жүргізіп жіберуші моменттің шекті шамасы максимал моментке тең. Бұл кезде Sm=R2+RЌОС/ХҚ=1, осыдан МЖ=ММАКС. Жағдайы үшін RЌОС=XҚ-R2 –ны анықтауға болады. Ротор тізбегіне реостатты қосқанда, жүргізіп жіберуші токтың да шамасы азайтылады.