1. Syllabus (жұмыс оқу бағдарламасы)



бет12/22
Дата13.04.2023
өлшемі131,24 Kb.
#82041
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Әдістемелік нұсқаулар: Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі жаңа тарихи — әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және оқушыларға білім беруші құрал. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады.
Қазіргі уақытта сабақ жүйесінде компьютерлік технология көп қолданылып жүр. Ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер дамытылды. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.
Әдебиеттер:
1.Д.В. Останькович Учебное пособие по курсу «Компьютерная нотография» для студентов музыкальных специальностей Астана 2013ж
2.Р.Салманов. Музыкалық компьютерлік технология Қызылорда, 2011ж
3.А.Н.Ильиных. Электронное учебное пособие «Компьютерные технологии в музыке» 2018г

2 Практикалық сабақ


Тақырыбы: Музыка жанрларының әртүрлі партитураларымен жұмыс және олардың әдістемелері
Сұрақтар:
1.Көшіріп ауыстыру
2.Қажетсіз мәтіндерді жою үшін қолданылатын жұмыс түрі
3. Музыкалық шығарманың аспаптық сүйемелін әртүрлі аспаптарға бөлу
Тапсырма:
Партитураға немесе жазылған ноталық мәтіндерді басқа жерге көшіру ережесі, партитурада жазылған ноталық мәтіндермен жұмыс машықтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет