Тақырыбы: Нота беттерінің схемаларын өзгерту, нота сызықтарының ара қашықтықтарын үйлестіру.
Сұрақтар: 1.нота беттерінің схемасын қалай өзгеруге болады?
2.Нота сызықтарының ара қашықтығыы немен белгіленеді
3. Арнайы музыкалық-компьютерлік бағдарламалар
Тапсырма: Партитураны өзгерту әдістемелері. Берілген музыкалық партитураның нота сызықтарының арақашықтығын үйлестіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Аталған жұмыстардымаңдайшадағы жұмыс түрлерінің ішінен «өлшем өзгерту функциясы» («функция временной записи») жұмыс түрін басып «жандандырып» белсендіріп, қажет тактінің үстіне тінтуірді алып барып, «тышқанның» оң жағын басып белгілеу арқылы орындауға болады.
Шығарма партитурасының бірінші тактісін белгілеп, жұмыс жүргізілсе бүкіл партитура өзгертіледі, яғни қойылған өлшембүкіл партитураға қатысты әсер береді.
«Өлшем өзгерту функциясы» («функция временной записи») жұмыс түрі іске қосылмай тұрған уақытта, партитурадағы кілттің жанында жазылған өлшем түрінің үстіне тінтуірді алып барып, «тышқанның» оң жағын бассаңыз да бізге қажет жұмыс түрлері сілтемесі шығады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және оқушыларға білім беруші құрал. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады.
Әдебиеттер: 1.Д.В. Останькович Учебное пособие по курсу «Компьютерная нотография» для студентов музыкальных специальностей Астана 2013ж
2.Р.Салманов. Музыкалық компьютерлік технология Қызылорда, 2011ж
3.А.Н.Ильиных. Электронное учебное пособие «Компьютерные технологии в музыке» 2018г