Ең алдымен желіні немесе қызметті дамыту керек пе? - деген мәселе өзекті болып табылады.
Жалпы Еуропада бірінші кезекте қызмет көрсету саласын дамыту қажет деген пікір басым. Бұл мәселеге қарама-қайшы пікірдегі елдер қатарына Ұлыбритания мен Франция жатады. Олардың ақпараттық қоғамды дамыту жоспарларында желілерді салу қызмет көрсету саласын дамытудың қозғаушы факторы болып табылатыны көрсетіледі. Ақпараттық қоғамды дамыту моделін әзірлеуде және оны кейіннен іске асыруда ұлттық мәдени ерекшеліктер маңызды рөл атқарады. Көбінесе олар елдегі белгілі бір ақпараттық технологияларға деген сұранысты анықтайды. Нәтижесінде әрбір ел интернет пен электрондық поштаны пайдаланудың өзіндік ерекшеліктерімен, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың әр алуан түрлері үшін өз аудиторияларымен сипатталады. Мысалы, бүгінгі күні Еуропада телефоннан е-mail жіберу дамымай қалды. Ал Жапониядан NТТ DоСоМо компаниясы ұсынған І-mode сервисінің 22,7 млн. қолданушысы бар, олардың көпшілігі оны мобильді электрондық пошта үшін пайдаланады. Ақпараттық қоғамды қалыптастырудың Батыс (американдық) жолы. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы моделімен анықталады, онда мемлекеттің функциялары барынша аз, ал жеке тұлғалардың қызметі барынша жоғары болады. Бұл тәсілде ең бастысы - барлығын жеке сектордың және нарық күштерінің қолында қалдыру, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар нарығын толық ырықтандыру. Бұл ретте ақпараттық супермагистральдарды дамытуға, олардың әлеуметтік бағдарына, сондай-ақ әмбебап қызмет көрсету мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
АҚШ-тың Ұлыбританиямен ортақ пікірі – «бірінші кезекте ақпараттық желілерді құру қажет, соның негізінде қызмет көрсету саласын дамыту қажет», - деген пікір. Ал ақпараттандыру процесіне мәдени ықпал ету саласында бұл елдердің көзқарастары ұштаспайды. АҚШ-та жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен "үй ойын-сауығын" одан әрі дамытуға басты назар аударылады, ал Ұлыбританияда осындай өнімге деген сұраныс анықтаушы болып табылмайды.
Жалпы еуропалық теле/радиобағдарламалар, сондай-ақ бейненарық бүгінгі күні үлкен американдық ықпалда тұрғанын атап өткен жөн.