Сценарий литературно-музыкального вечера, посвященного творчеству Фаризы Онгарсыновой



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі217,55 Kb.
#7631

1

Содержание:

1.«Ее стихи блистают совершенством»  Сценарий литературно-музыкального 

вечера, посвященного творчеству Фаризы Онгарсыновой

2.«Жыр   менің   жалғыз   тарланым»  

 Фариза   Оңғарсынованың     өмірі   мен 

шығармашылығына  арналған жыр кеші

Ее стихи блистают совершенством

(Сценарий литературно-музыкального вечера, посвященного 

творчеству Фаризы Онгарсыновой)

Пролог  (Ортада  әйелі   мен   күйеуі.   Отағасы   қолында   домбыра,   әйелдің   қолында 

кесте)


Әйелі:  Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде екеуміз 

қыдырып   жүр   екенбіз.   Айналамызда   албырап   пісіп   тұрған   алма   ағаштары.   Мен   сол 

алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы 

түсті. Ол ағашта алманың орнына том-том болып кітаптар тұр. Сол кітаптардың арасында 

қып-қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы 

рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.



Отағасы  (күліп):  Ай,   тәйірі-ай.   Алла   бұйыртса,   екеуміз   армандап   жүрген,   қып-

қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том-том кітаптарды 

жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.

Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін! 

Голос за кадром:  Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындырған қазақтың 

ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты 

ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық 

сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз, Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында 

тағзым етеді. 

Жүргізуші:  Қайырлы   кеш,   қадірлі   қонақтар!   «Жаңа   жел»   балалар   бұқаралық 

ақпарат   құралдарының   Республикалық   форумының   «Поэзия   падишасы»   кешіне   қош 

келдіңіздер!

Ведущий:  Добрый вечер, дорогие гости! Мы рады приветствовать вас на вечере, 

посвященном   творчеству   легендарной   поэтессы,   лауреата   Государственой   премии   РК, 

одной из известных и достойных фигур казахской литературы Фаризы Онгарсыновой.

Аудиозапись «Фаризаның ақындық кредосы».



Жүргізуші: Фариза Оңғарсынованың «Өлең» деген туындысы. Мұнда Фариза өзінің 

ақындық кредосын танытады. Өзінің поэзиясымен шын қауышуы, қуанышта да, қайғылы 

күндерде де бірге болған досы - өлең туралы ұғымы жеткізіліп айтылған.

Ведущий:  Фариза Онгарсынова – Народный писатель Казахстана. Она родилась 

25 декабря 1939 года в ауле Манаш Новобагатинского района Гурьевской области. В 1961 

2


году   окончила   филологический   факультет   Гурьевского   (Атырауского)   педогогического 

института и до 1966 года работала сначала учительницей, а потом директором в сельских 

школах. 

«Сырласу немесе ана рухымен әңгіме» өлеңі

Ана, жалғыз арқалап тағдыр жүгін,

Кең әлемде өзіңсіз қалдым бүгін.

Сен ұйқыдан оянып қарсы алушы ең

Алғашқы таңның нұрын.

Таң келеді бүгін де, жаным анам,

Жалғыздықты жолдас қып тағы маған.

Елжіреймін сені ойлап, тек өзіңді

Осылай сағына алам.

Жүрегіме түскендей жара-таңба,

Жетіспейді мейірім-алақан да...

Қайда жүрсем,

Күн сайын шырт ұйқыдан

Оянам таң атарда.

Таң атарда еске алам күнде сені,

           Көмейіме тығылып  мұң кесегі.

Көз алдымнан кетпейтін нұр

Бейнеңмен  жүрегім тілдеседі.

Көк орманды бұлбұлмен үндес едім,

Жесірдеймін тарқатар түнге шерін...

Өмір көшіп, қалғандай жұртта

Жалғыз жырыммен тілдесемін.

Жүргізуші: Фаризаның анасы оқымаса да халқымыздың аңыз-жырларымен, халық 

өлеңдерімен   сусындаған.   Қыстың   ұзақ   кештерінде   оның   балалары   кітап   оқып, 

халқымыздың   ескі   жырларын   жаттап   өскен.   Анасы   қазақ   халқының   ескі   салт-

дәстүрлеріндегі  қатаң  тыйымдарына  жол бермей,   өз  балаларының  еркін  өсуіне  жағдай 

жасады.

«Оюлар» өлеңі.

Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай! 

3


Ұңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп,

Әжем кеп сипағандай шашымнан ай.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,

Тұрғандай ана-көңіл тербеп мені

Жан бітіп жайрандады жан-жағымнан,

Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

Аңсаумен күнім өтті қанша менің,

Желбауда, басқұрда ма аңсау емім

Әжемнің көзіндей бұл оөларды

Таба алмай дала кезіп шаршап едім.

Елестеп көз алдыма сән шақтарым, 

Келгендей құлағыма аңсатқан үн.

Түрінен текеметтің көріп тұрмын

Әжемнің тарамысты саусақтарын.

Шебер көп бұл заманда кілең керім,

Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан

Әжемнің  оюындай жыр-өрнегім...

Болардай басқұр, өрнек маған міндет,

Белгісі балғын шақтың қарар жебеп,

Сүйеніп тұскиізге тұрып қаппын,

Көз жазып оюлардан қалам ба деп.

Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп...

Ведущий:  Старинная   классическая   музыка   с   детства   стала   природным 

строительным   материалом   для   стихов   Фаризы.   А   современное   звучание   они   обрели 

потому,  что с 1966 года в редакций Гурьевской областной газеты «Коммунистік еңбек» 

началась ее журналистская деятельность. В 1969 году Фариза Онгарсынова переходит на 

работу в редакцию газеты «Лениншыл жас» в качестве собственного корреспондента.

Жүргізуші:  1970-1977   жылдар   аралығында   Фариза   Оңғарсынова   «Қазақстан 

пионері» атты республикалық газеттің редакторы қызметін атқарды. 1978 жылы «Пионер» 

журналының   бас   редакторы   болды.   1996   жылы   Қазақстан   республикасы   Мәжіліс 

4


Парламентінің   депутаты   болып   сайланды.   Сонымен   қатар,   «Құрмет   белгісі»,   Қазақстан 

Президиумы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.



Ведущий:  Фариза   Онгарсынова   известна   далеко   за   пределами   нашей   страны. 

Казахстанская поэтесса прославилась не только своим выдающимся творчеством, но и 

активной   жизненной   позицией.   Ее   стихотворения   читают   все   поколения   казахстанцев. 

Словом, Фаризу можно  по праву назвать гением поэтического искусства современности. 

Но не только  этим  известна миру  Онгарсынова,  знаменита  она  и своей преданностью 

близким друзьям. Так, в трудные для Мукагали Макатаева годы, когда общественность 

отвернулась от него, а многие друзья отошли в сторону, рядом был верный соратник и 

вдохновитель – Фариза. Мукагали напишет в одной из своих рукописей: «В самые горькие 

минуты жизни все свои тайны я  доверял единственному другу Фариза...» 

Фариза   Онгарсынова   поразила   состоявшегося   поэта   своей   искренностью   и 

открытостью. После их знакомства Мукагали посвятил Онгарсыновой стихотворение, а в 

начале 90-х эти строки, переложенные на музыку, получили большую популярность.



«Фариза, Фаризажан» әні.

Ведущий: Ранние стихи Фаризы Онгарсыновой о преображении пустынных земель 

Казахстана, о проникновении жизни в самые заброшенные уголки обширной безводной 

степи, о людях, чьи смелость и отвага не уступают их сердечности. Так начинались стихи, 

так начиналась биография поэзии Фаризы Онгарсыновой – поэтессы, властно вошедшей 

в современную казахскую литературу.

Жүргізуші:  Фариза   жырлары   автордың   көп   ойлауынан,   қоғам   шындығы   мен   өз 

басының мұнды күйлерін түйіндестіре толғаудан туады. Оның ойлары халықтың жарқын 

тіршілігі,    адалдық,  әсемдік туралы арман-мұратқа ұмтылады.  Бірақ  оған жетудің жолы 

онай емес.  Адам  баласы  өмірбойы  осы ізгі  арман  үшін  күресіп   келеді.  Фариза  басына 

жиналған ой да, одан туындайтын мұн да осының жалғасы. Сондықтан ол өмірдің, адам 

жанының күрделігін жырлайды, өзін налытқан жайларды өлеңіне арқау етеді.



«Мол арман» өлеңі.

Өмірдің өзі нұр шаша бермес,

Жарқырап ылғи күн алдан.

Сәттер де болар,

Сәттер де болар, жол таба алмай тұманнан.

           Көңіліңде сонда болсын деп, ұмтылдыратын,

Жанынды бұлқындыратын,

Аласармайтын асқақ, мол арман!

Таңдарың да солай әрқашан

Сенім мен күшпен жалғасар.

Дауылдарға қарсы өршеленбесең жан басар.

5


«Құрсын ондай тірлігің» - деген сол оймен,

Жалтақтамаймын, таң басам.

Асуларым  бар алда сан.

Отты жандардың өшпейтін үмітімен жалғасар.

Өмірге келіп кеткенде, сенде не мән бар?

Жүректерді  тербеп, от болып лаулап жанбасаң?

Арман, арман...

Арманымды іздеп алға асам.

Жүргізуші:  Фариза   басқа   ақындар   сияқты,   Отанын,   туған   жерін,   өзі   туып   өскен 

өлкенің кешегі және бүгінгі өмірін, адам еңбегін, әкесі мен анасына деген ұлы махаббатын, 

достық пен сүйіспеншілікті жырлайды.

Ведущий:  В   книге   «Полдневный   жар»   представлен,   прежде   всего,   Казахстан   – 

родина поэтессы,  и как зримо, вещественно рассказано о ней! Здесь и зеленая  весна 

Мангышлака, и жаркий желто-матовый ковер пустыни, и быстрый бег волн Каспийского 

моря...


«Жайықтың толқындары» әні.

Ведущий:  Острая   социальность,   гражданственность   свойственны   поэмам 

«Проклятье» и «Окровавленная победа». Особой духовной силой покоряют размышления 

о назначений поэзии в современности в поэме «Алмазный клинок». В книгах поэтессы 

часто возникают фольклорные образы, старинные предания. Вкус древнего поэтического 

слова, сверкающего алмазным блеском, постоянно чувствуется в ее дерских, непористых 

строках.


Жүргізуші:  Фаризаның   көп   өлеңдері   әйел   тақырыбына   арналған.   Ол   әйел 

психологиясын, оның басындағы өмір сырларын көп біледі, айқынырақ түсінеді. Ол әйелге 

тән төзімді, өткір сезім күйлерін, кейде сол сезімге малтығып қалатын әлсіздікті, көңілдің 

нәзіктігін,   адал   махаббатты   тереңірек   жырлайды.   Оның   сезімі   де   мұнды,   ойлы.   Оның 

өлеңдерінде   қуанышы   мен   қайғысы   аралас   жүретін   азапты   күндерінің   суреттері   мол 

кездеседі.



Ведущий:  Женщина в  стихах  Фаризы  –  мужественна,  неприклонна,  преданна  и 

отважна. Она принимает житейские тяготы, печали, горести, неудачи с высоко поднятой 

головой.   Ее   жестокость,   сменяющая   женственностью,   возвращает   мужчинам 

мужественность и силу духа, женщине – нежность и пленяющую власть любящего сердца. 

Она бережно отображает всю сложную гамму чувств.

«Дыбыстар әлемі» атты поэмасынан үзінді.

«Әйел монологы»



Жүргізуші:  Фариза – биік сезімнің ақыны. Оның көңіл күй ырқына тез берілетіні, 

жаны   тез   жараланатыны   да   осыдан.   Фариза   көңілін   жайлаған   адалдық,   әсемдік, 

6


жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман – тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге 

келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді.



Ведущий:  В   ее   стихах   много   философий,   размышлений.   Много   вопросов   к 

читателю.   Их   надо   понимать,   принимать.   Их   надо   не   просто   читать,   а   суметь   что-то 

увидеть   в   них.   К   тому   же   онгарсыновские   стихи   очень   легки   для   восприятия,   быстро 

запоминаются. Вот это главное – писать просто, легко, но чтобы в каждом слове была 

мысль. Стихи Фаризы берут за душу.

«О, менің өкініштерім!» өлеңі.

О, менің өкініштерім! 

Ар ағашына асындар мені.

Жалмасын, жұтсын жасындар мені.

Қызықсыз, мәнсіз ғұмырым үшін,

Мастанған, құнсыз қылығым үшін.

Таптасын мені ғасырлар легі.

Адамды өкініш, қаза құртады,

Мені де өртесін жазаның табы.

Келер күндердің ғажап ұрпағы,

Алмасын аршып зар жырымды ордан.

          Тартайын сонда тағдырым болған, 

Азаптарымның азабын тағы.

О, бастан бергі шетін істерім,

Елемей көздің еті де іскенін.

Тойғаным тасып...

Солардан бүгін 

Бойыма сіңбей отыр ішкенім.

Кеудемді қысқан менмендіктердің

Талқандап құрсау – бекіністерін

Өртендер мені, өкініштерім.

Жүргізуші:  Фариза   апамыздың   өлеңдері   әр   тындаушының   жүрегіне   терең   ой 

салып,   шабыттандырады.   Бүгінде   осы   ауысым   қатысушыларының   арасында   Фариза 

апамызға   деген   құрметін   жыр   жолдары   арқылы   жеткіземіз   деген   бір   топ   жас 

ақындарымызды ортаға шақырамыз.



Сахнаға жас ақындар шығады.

7


Фаризаға арнау

Міне, бүгін дала қандай, жыр қандай!

Күзім әкеп ақ кілемді жайғандай, 

Көтеріңкі баршамызда көңіл -күй

Өйткені арамызда Фариза апай.

Ақиқатты ұштастырған қаламмен,

 Жырлары оның жалғасады даламен.

Көк жиекке қарайды қос жанары,

Сырбаз жүзі сырласады санамен.

Жүреміз біз өнердің кілтің таппай,

Көкейімізде тұрады сұрақ талай.

Қазағым шын өнерді асыл десе,

Сол асылдың сынағы Фариза апай.

Жүзіңізде бір сыр тұр ғой күлімдей,

Фариза апай жарқыраған күнімдей.

Жүріңіз әрқашанда жабырқамай,

Жайнаған қырдың қызыл шоқ гүліндей.

Сізді әрқашан жырымызға қосамыз,

Шабыт алып ізіңізден басамыз.

Ортамызда күліп ойнап жарқырап,

Фариза апай қартаймай жүз жасаңыз.

Фаризаға арнау

О, табиғат, жиған бойға құпиясын,

Сананы баурап алып ойға ұясың.

Қойнындағы жинаған жақұттарды

Астарлап наз көңілге ұялатсын.

Қазақстан – киелі, өлкем туған,

Өтті ғой қазағым талай сыннан.

Шыңдалған жүйріктердің діл ортада

8


Фариза апам өшпес жұлдыз, дара мыңнан.

Ақындар асқақтатқан бұл орданы,

Фариза апам қазағымның ақ қорғаны.

От болып жалындаған жыр жолдары,

Рух берер қазағымның нық ұраны,

Қандай бақыт дараланып туғаны,

Әз анамдай мақтан етем тұлғаны.

Жүздің бірі, ел тілі – ұлы данам

Қазағымның мәңгі самғар қыраны.

Шабыттанып жүрегіміз жырласын,

 Жыр дегенде қанатымыз талмасын.

Фариза апай өлеңдері биік боп,

Ұрпақтардың көңілінде самғасын.

Ведущий: Ее поэзия – одна из ярких и необходимых страниц литературы. Главное 

же в ней то, что она – личность. Всегда и везде, постоянно и неизменно она верна себе, 

остается самой сабою. Ее талант незауряден. Яд, капающий с кончиков ее письменного 

пера для нечестивых и целебное зелье для добрых людей, не иссякнут никогда. Ведь:



Стихи не стареют – стареют поэты,

Да разве поэты жалеют об этом?

Из клетки морщин, как мечта золотая,

  Жар-птица бессмертной любви вылетает.

О вечный венец во владении стужи

Снега на весках, а горячие души,

Как прежде, как в двадцать, способны гореть.

Поэты душой не умеют стареть.

Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық 

әлемінен аты шыққан, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Онғарсыноваға арналған 

кешіміз өз мәресіне келіп жетті. 

«Жыр менің жалғыз тарланым» 

(Фариза Оңғарсынованың  өмірі мен шығармашылығына

 арналған жыр кеші)

9


1-жүргізушіҚазағында ботақаны боздаған,

Жазығында ошақ оты маздаған.

Кіндік қаның тамған осы топырақ,

Осы сенің бұйрығынды боз далаң.

Қадірлісің қыса алмаса төсіне,

Елдің мына ел болғаны несіне?

Осы – жұрттың қалай жүр деп қарағым,

Қоңыр қызын жиі алатын есіне

Осы – елің дос сүйсінген, жат танып,

Шарықтасаң қол соғатын шаттанып.

Көргендердің тек әкең мен анаңды,

Қыр басына кетті көбі аттанып, - деп Нұралы ақын жыр арнаған жерлесіміз 

Фариза – ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған жыр кешін өткізгелі отырмыз. 



2-жүргізуші: Жыр – менің жалғыз тарланым

 

Аялап өтер ардағым,

Талықсып атар таңдарым,

Айындай жалқы арман-үн:

Қарқылдай берсін қарға мұң,

Бұрқатсын боран-шаңдарын,

Тарттырсын дүлей зардабын,

Жанымды жырмен жалғадым

Өзімді соған арнадым, - деп ақын өзі жырлағандай, ол бар өмірін, ғұмырын өлеңмен 

өрнектеген. 

Алдымен ақын өмірі туралы деректерді тындасақ. Өнегелі өмір. Ақын өмірі мен 

шығармашылығына библиографиялық шолу.



1-жүргізуші:Дара күндерімнің,

Нала түндерімнің

Серігі болғаны үшін

Мен сені аялаймын.

Біреудің пысықтығынан,

10


Біреудің жасып мұңынан

Жүрегім сыздаған кезде,

Жаным мұздаған кезде,

Мен сені аялаймын, - деп ақын өзі жырлағандай, енді ақын өлеңдеріне кезек 

берсек. «Қазақ батырлары», «Түрін-ай текеметтің», «Қанат туралы хиқая» өлеңдері 

оқылады.

2-жүргізуші: Фаризаның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан адуынды 

көңіл-күй сезіледі. Оның өлеңдері Каспийдің алапат толқынындай айбынды, аққуларындай 

пәк, туған даласындай кең, арунасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай биік, асқақ.

Шығарған шандық, арды естен

Зұлымдықтарды қан кешкен

Махаббатпен қалған наркескен

Айбалта – жырмен шапсам деп

Шаңын сүйтіп бір қақсам деп

Әділеттің шамын ғаламға

Қарамай құрсау – қаламға

Лаулатып солай жақсам деп 

Қайсарларды жасқап шегерген

Тасқыны тылсым тереңнен

Серігм – жырым жебеммен

Жүрегім – желкен, жер кернеп

Қарсы ағыстарға сеңге өрлеп

Қағілез құттай денеммен

Дауылдарды құшып келем мен!

«Қазағым алтын қарттарым», «Перзент сөзі», «Билік деген арыстан», «Ой деген 

не?» өлеңдері оқылады.

Қазақ халқының тілі өте бай. Ата-бабаларымыз айтайын деген ойын бастан-аяқ 

тәптіштеп түсіндіріп жатпай, бір ғана сөйлемнен тұратын мақалмен-ақ айтқан.

1-жүргізуші: «Анасының тілін жастайынан жанына сіңіріп, ұлттық құндылықтырмен 

сусындатқан бала есейіп ержеткенде, елінің намысын ешкімге таптатпайтын азамат 

болары сөзсіз», - деп ақын «Сөз сыры» жинағында халқымыздың мақал-мәтелдерін 

талдап, мағынасын түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық салт-дәстүріміз жайлы 

балаларға пайдалы пікірлерін енгізген. 

11


2-жүргізуші: Әлденеден мұнайған кезде, біреудің пысықтығынан жүрегі мұздаған 

кезде, кешегі досының сырт айналғанын көргенде, шын ақындықтың жарылып кетердей 

болған кезінде Фаризаның досы, сенері, мұндасы, сырласы, дәрі, дауасы – поэзиясы 

болмақ.


Көңілді жайлы күнімде

Азапты қайғы-мұнымды

Өзіммен бөлгенім үшін

Қатем мен жеңістерім үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! – деген-ді.

Фариза ақын қазақтың салт-дәстүрінің ізімен бата-тілек жазған. Үлкендердің 

батасын алу біздің қазақта ерекше бағаланған. «Ұл балаға бата», «Қыз балаға бата» 

өлеңдерін оқушылар өз мәнеріне жеткізіп айтады.



1-жүргізуші: Ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да таза, ары 

да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін, - 



деп кешімізді аяқтаймыз.

12


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет