1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


ХХ ғасырдағы әлеуметтанудың негізгі бағыттары



бет9/51
Дата09.10.2022
өлшемі208,33 Kb.
#42060
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.2020 г.

ХХ ғасырдағы әлеуметтанудың негізгі бағыттары. ХХ-ы ғасырдағы әлеуметтануы – әлеуметтанудың жаңа дәуірі, біріншіден, эмпирикалық әлеуметтанудың дамуы және қалыптасумен байланысты болды. Екіншіден, тұжырымдамалар мен бағыттардың шығуымен, үшіншіден, теориялық эмпирикалық әлеуметтануды белгілі бір дәрежеде біріктіруге бағыт алумен сипатталады. ХХ-ы ғасырдағы әлеметтану үш кезеңнен тұрады: Бірінші кезең 20-ы жылдардан 40-ы жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы байқалады; екінші кезең – 40-ы жылдардың екінші жартысынан 60-ы жылдардың аяғына дейін созылады. Үшінші кезең – 70-і жылдардан қазіргі уақытқа дейін созылады. Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро және макро әлеуметтанумен әрекет жасалды. Әлеуметтану жаңа деңгейге шықты. Әлеуметтанудың ХХ-ы ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану нақты зерттеулермен байланысты. Мұндай зерттеулер 20-30 жылдары АҚШ-та және басқа дамыған елдерде жүргізілді. Бірақ бұл теориялық әлеуметтанудың деңгейін төмендетті, сондықтан оны қайта жаңғырту қажет болды. Бұл мәселелерді көтеруде американ әлеуметтанушылары Т.Парсонс, Роберт Мертон, П.Сорокин т.б. зор еңбек сіңірді.
Т.Парсонстың (1902-1979) «құрылымды-функционалды талдау» социологиялық мектептің негізін салушы. Оның көп еңбектерінің ішінен оның негізгі екі еңбегін – әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функционалды талдау («структурно-функциональный анализ»). Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні келесіде – қандай да бір іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет, қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшіншіден мақсат пен белгілі бір заң нормаларына сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді. Оның пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері бар. «Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы –«әрекеттер жүйесі». Ол әрекеттер жүйесіне, әлеуметтік болмыстың түрлі байланыстарын жатқызады. Т.Парсонстың екінші теориясы «құрылымды-функционалды талдауға» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады және қоғам құрылымының дифференцациясына жете назар аударылады. Парсонс, әр кезеңге сәйкес қоғам құрылымның күрделенуін көрсетті.Ол құрылымының күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын төмендетеді деді.
Т.Парсонс барлық әлеуметтік жүйелер негізгі төрт қызметті атқарады деді:
- жүйнің ішкі және сырттқы өзгерістерге беймделуі (адаптация);
- қойған мақсатқа жету;
- интеграция (біріктіру) – жүйенің өзінің барлық элементтері мен қызметтерін байланыстыруы;
- үлгіні сақтап қалу – субъетілердің жүріс-тұрыстарын жасау, сақтау, олардың мотивациялары мен мәдени ережелерін жетілдіру.
Т.Парсонстың барлық тұжырымдамасының кілті – тепе-теңдік категориясы. Оның пікірінше, қоғам тек тепе-теңдік қалыпта ғана өмір сүре алады. Тепе-теңдіктің бұзылуы жүйенің бұзылуына және оның жойылуына ікеледі. Сондықтан «леуметтанушының басты міндеті – жүйенің, қоғамның тепе-теңдігін сақтайтын нұсқаулар беру. Тепе-теңдік әлеуметтік әрекетпен жасалады. Әлеуметтік әрекеттің құрылымына келесілер ықпал етеді:
- құндылықтар жүйесі мен нормативті рәміздер;
- мақсатқа жету жолдары туралы жеке шешім қабылдау;
- қалыптасқан жағдайдың өзі.
Т.Парсонстың әрекет жүйесінің моделі төрт жүйешіктен тұрады: әлеуметтік, мәдени, жеке әрекет, ағзалық. Оның пікірінше қоғам мен адамзаттың дамуы эволюциялық сипатта болады. Мұндай даму процесінде дифференциация мен интеграция күштері жұмыс істейді. Жүйе тиімді жұмыс істеуіне оның жоғары ұйымдастырылуы, өзге жүйелермен сиыса алуы, өзарақолдаудың болуы, жүйенің өз элементтерін бақылай алуы, қатынасудың ортақ ережесі қажет. Т.Парсонс тұжырымдамасында қоғамның үш типі жасалып көрсетілген: қарапайым, аралық, қазіргі замандық.
Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған Р.Мертон болды. Функционалдық социология өкілі. Оның 1949 жылы «Әлеуметтік теория әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Ол осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады. Р.Мертон қоғамдық өмірдің шатысқан барлық құбылыстарын жүйелеуге мүмкіндік беретін методологиялық және теориялық ережені жасады. Ең алдымен оның «Орта деңгей социологиялық принцип теорияларын» айтуға болады. Қазіргі замандық социологияда оны «арнайы социологиялық теориялар» деп атайды. Өзінің түсіндіруі бойынша бұл– жеке, нақтылы эмпирикалық зерттеулердің гипотезалары мен барлық байқалған әлеуметтік жүріс-тұрыстар және әлеуметтік өзгерістерді ұғындыратын теориялар.
Р.Мертон өзінің орта деңгей теориясының негізіне «қызметтілік» ұғымын салды және онда үш негізгі ойын көрсетті:
1) «қызметтілік бірлік постулаты» - қоғамды теория тұрғысынан тұтас көру деген қоғамды теориялық тұтас қамтиту емес, ол әлеуметтік фактілер тереңіндегі бірлікті көру; фактілер қызметтілік жағынан анықталған, олардың әлеуметтік өмірді біріктіру мүмкіншіліг бар;
2) «қызметтіліктің универсалдық постулаты» - мәдениеттің барлық формаларының талдаулық зерттеулерді қажет ететін қызметтілік қасиеттері бар;
3) «көндірулік постулаты» - қызметер «көндірушілік» қасиеттерге ие, бұл қоғамның барлық институттар қызметтілігін себептейді.
Р.Мертонның ойынша, қайталанып отыратын әлеуметтік құбылыстар қызметтілік талдау объетісі бола алады. Әлеуметтік құбылыстардан пайда болатын объективті салдар – барлық қызметтердің басты мазмұны болады деп көрсетеді Р.Мертон. Әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып Р.Мертон әлеуметтік құбылыстардың қоғамда әлеуметтік тәртіпті қолдау және оны сақтау функциясынан өзге, керісінше, олардың дисфункциясына, яғни әлеуметтік құбылыстардың қоғам құрылымындағы әлеуметтік зорлық-зомбылықтарды, шиеленістерді, олардан туындайтын қарама-қайшылықтарды көрсетуге баса көңіл қойды. «Ортаңғы деңгей теориясы» бір жағынан әлеуметтік фактілердің үлкен топтарын қорытындылаудың нәтижесі. Екінші жағынан, жалпы әлеуметтанудың кейбір жақтарын одан әрі нақтылап түсіндірудің құралы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет