үштілді білім беру саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Үлгілік оқу жоспарында күтілетін нәтижелер тұжырымдалған:
Ұ зақ мерзімді жоспар
өзіне белгілі бір бөлім/бөлігі/тақырып шеңберінде қамтылуы керек оқу мақсаттарын қамтиды.
бір жылда өтетін оқу материалының бөлімдерін/тақырыптарын анықтайды.
Оқу материалының бөлімі –
бұл бір оқу тақырыбымен біріктірілген сабақтар сериясы.
Ұзақ мерзімді жоспардың әрбір бөлімі үшін орта мерзімді жоспарлар әзірленді
Орта мерзімді жоспарлау әдетте мұғалімдер тобымен немесе оқу жоспарын (және) тізбектелген сабақтар топтамасына құрылымдау арқылы жеке мұғалім арқылы жүзеге асырылады.
Орта мерзімді жоспарда:
бөлімде қамтылатын оқу мақсаттары,
әдістемелік тәсілдер мен оқу іс-әрекетінің, оқу ресурстарының кейбір ұсынылған мысалдары келтірілген.
Орта мерзімді жоспарлау
ұзақ мерзімді жоспарда айқындалған нұсқауларды нақтылайды, қысқа мерзімде жүзеге асырылады.
Орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді (сағаттық) жоспарлар құрастырылады.
Қысқа мерзімді жоспарды дайындаған кезде мұғалім өтпелі тақырыптар жүйесін басшылыққа алып, тапсырмаларды құрастыруда және сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды ескеруі қажет.
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын мұғалім орта мерзімді жоспардың соңында берілген үлгіні пайдалана отырып өз бетінше жасайды.
Қысқа мерзімді жоспарды құру кезінде мұғалімге оқытудың сараланған тәсіліне назар аудару және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру ұсынылады.
Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау мұғалімге оқу мақсаттарына тиімдірек жетуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалын мұқият таңдап, іс-әрекет түрлерін дұрыс таңдауы қажет.
Әрбір сабақтан кейін мұғалім оқушылардың оқу материалын меңгеруінде туындаған қиындықтарды анықтау үшін сабақты (рефлексия) талдауы қажет.
Қ ысқа мерзімді жоспар құру кезінде мұғалім келесі ұсыныстарды басшылыққа ала алады:
сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
сабақтың мақсаттарын тұжырымдауды егжей-тегжейлі көрсетуі керек (S. M.A.R.T. принципі бойынша), яғни нақты, өлшенетін, қол жеткізуге болатын мақсаттар қою керек;
сабақта орта мерзімді жоспарға енгізілген барлық қызмет түрлері ұйымдастырылуы керек;
қажет болған жағдайда мұғалімнің қалауы бойынша қызмет түрлерін толықтыру керек.
Мұғалім білімнің жалғыз көзі емес, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |