Триглицеридтер биосинтезі. Фосфолипидтер биосинтезі. Триглицеридтер биосинтезі
Сүтқоректі жануарлар организмі өсуі үшін және тіршілік қабілетін қолдау үшін көп мөлшерде
липидтер синтезделіп шығаруы тиіс. Жануарлар ұлпасында май қышқылдары бос күйінде аз
кездеседі. Олар май синтезі үшін пайдаланылады.
Ішек эпителий клеткаларында, бауыр, май ұлпасы, емшек (желін) клеткаларында
триглицеридтер биосинтезі активті жүреді. Дипидтер биосинтезі липогенез деп аталады. Ішек
қабырғасында синтезделген триглицеридтер қанмен бірге хиломикрондар түрінде таралады.
Олар көп мөлшерде бауырға, май ұлпаларына және желінге, аздаған мөлшерде жүрекке ,
өкпеге, басқа да мүшелерге барады. Осы аталған мүшелер клеткасының мембранасында
липопротеидлипаза ферменінің әсерімен хиломикрондар гидролизденеді. Май қышқылдары
мен глицерин клеткаға енеді, сол жерде олар катоболалық және аноболалық реакцияларға
ұшырайды.
Жаңадан қайта синтезделген майлар мен липоидтердің азықтағы майлардан айырмасы бар
және жануарлардың өздеріне ғана тән еркешелігі болып келеді.
Глицерин мен май қышқылдары өзара бірі мен бірі тікелей қосылып, триглицеридтер түзе
алмайды. Биосинтезге ацил- КоА түрінде май қышқлдарының активті формасы және 3
фосфоглицерин түріндегі глицерин қатысады.
Фосфолипидтер биосинтезі.
Фосфолипидтер мен сфинголипидтер клетка мембранасының құрылымдық нгеізін құрайды.
Сондықтан олар биологиялық маңызды қызмет атқарады. Фосфолипидтер амфипатиялық
қосылыс. Олардың гидрофобтық ұзын тобы және гидрофильдік шағын басы бар. Осының
арқасында бір жағынан полярсыз қосылыстармен , екінші жағынан полярлы қосылыстармен
көршілес отырып, қатарласа жақсы орналасады.
Фосфатидилхолин (лецитин )- негізгі фосфолипидтердің біреуі , ол екі жолмен түзіледі. Оның
бір жолын де ново (басынан бастап), екіншісін «құтқарушы» деп атайды. Фосфолипидтердің
анаболалық реакцияларына цитидинтрифосфат (ЦТФ) қатысады. Оның көмегімен
фосфохолин мен фосфоэтаноламин активтенеді. Бұл екі жағдайда да синтез диглицерид
арқылы жүреді. Диглицеридтің түзілуі механизмін біз жоғарыда қарастырған болатынбыз.
Де ново әдісі бойынша фосфатидилхолиннің синтезі фосфатидилэтаноламиннің
триметилденуі арқылы жүреді. Фосфолипидтер биосинтезіне қатысатын ферменттер
эндоплазмалық ритикулуммен байланысқан. Ең алдымен фосфатидилэтаноламиннің түзілу
жолын баяндаймыз, кейін осы қосылыстан фосфатидилхолин пайда болады.