Майлардың ұлпаларда ыдырауы Майдың энергетикалық материал ретінде пайдалану триглицеридтер гидолизінен басталады,
оған ұлпалардағы липаза ферменті әсер етеді.
Ұлпалардағы майдың ыдырауы липолиз деп аталады. Триглицеридтер тікелей клеткаға аз
барады. Қан плазмасында триглицеридтерлипаза ферментінің әсерімен гидролизденеді де
глицеринге және май қышқылдарына айналады, ал май қышқылдары альбуминмен
байланысады. Май ұлпасындағы триглицеридтердің ыдырауы липаза ферментінің әсерімен
жүреді, ол ферментті катехоламиндер стимульдейді. Олар аденилатциклаза ферментіне активті
әсер етеді, осыдан кейін цАМФ синтезі күшейе бастайды, ол протеинкиназа ферментін
күшейтеді. Сөйтіп протеинкиназа ферменті фосфорландыру жолымен липазаны
активтендіреді.
Глицериннің өзгеруі. АТФ қатысқан жағдайда және глицеринкиназа ферментінің әсерімен
глицерин фосфорланадыда, 3 фосфоглицерин түзеді. Бұдан кейін 3- фосфоглицерин не
глюкоза синтезіне немесе гликолиз механизмі бойынша тотығуға жұссалады.
Май қышқылдарының активтенуі және олардың митохондрияның ішкі мембранасы арқылы
тасымалдануы.
Триглицеридтер гидролизінен кейін алынған және альбуминнен босанған қаннан келген бос
май қышқылдары цитозольға жиналып, контентрацияланады.
Май қышқылдарын тотықтырушы ферменттердің митохондрияға жиналғанын Ю.Кеннеди
мен А.Ленинджер (1949) екеуі анықтаған болатын. Одан кейін мынау белгі болды: тотығуға
бос май қышқылдары емес, олардың активтенген түрі- А ацилкофермент ұшырайды екен. Май
қышқылдарынң активтенуі митохондриялық сыртқы мембранада іске асады, оған АТФ
(энергия көзі) пен А коферменті қатысады және ацил- КоА синтетаза ферменті әсер етеді. Әр
май қышқылын өзінің арнаулы ферменті активтендіреді. Мысалы, пальмитин қышқылын КоА-
синтетаза деп аталады. А ацилкоферменттері энергия бөліп шығару арқылы тотығу үшін де ,
липидтер түзілетінанаболалық реакциялар үшін де субстрат болады. Май қышқылдарының
тотығу жолы. 1904 ж Ф.Кнооп мынадай жағдайды анықтады: май қышқыдары өздерінен
кезектестіре отырып бірден көміртегінің екі атомын бөліп шығару жолымен тотығады да,
бастапқы қышқыл тиісіншекөміртегінің екі атомына қысқарады екен.