1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары


Рибонуклеин қышқылдары. РНҚ биосинтезі. РНҚ-ның химиялық құрамы және



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Рибонуклеин қышқылдары. РНҚ биосинтезі. РНҚ-ның химиялық құрамы және 
қасиеттері. иРНҚ және тРНҚ. 
 
Көптеген тамаша тәжірбиелер мынаны дәлелдеді: генетикалық қасиеттер тікелей ДНҚ-дан 
берілмейді, ол әр түрлі рибонуклеин қышқылдарының араласуы арқылы іске асады. Осыған 
орай нуклеин қышқылдарының құрамын, қасиеттерін, құрылымын қарастырамыз. 
РНҚ-ның барлық түрі ядро ішінде , ДНҚ молекуласында синтезделеді.Бұл процесс – 
транскрипция деп аталады және оны поимераза ферменті катализдейді. Транскрипция кезінде 
РНҚ- полимераза ДНҚ мен қосылысады да, қосқабат спиральді ажыратып жазады. ДНҚ-ның 
осы учаскесінде, матрицадағыдай тиісті РНҚ синтезделеді, ол үшін нуклеотидтік тізбек 5-3 
бағытына біртіндеп өзгереді. 
Транскрипция процесі үшін ДНҚ-ныңекі тізбегі де қажет. Алайда, РНҚ түзілу үшін матрица 
ретінде бір тізбек қана қызмет етеді, сол тізбектен көшірме түсіріледі. РНҚ синтезі кезінде 
екінші тізбектің қандай қызмет атқаратыны белгісіз. 
Алғашында барлық РНҚ ұзын алғы зат реінде түзіледі, кейіннен олар қысқа молекулаға 
айналады. Мұндай айналып өзгеру бірнеше кезеңді басынан өткізеді және «процессинг» деп 
аталады. Алғы заттар және процессинг өнімдері преРНҚ деп аталады. 
Процессинг кезінде ферменттердің әсер етуімен алғы заттан нуклеотидтер үзіліп бөлінеді 
және одан кейін қайта қосылады, өйткені ДНҚ құрамындағы ген бүкіл молекула бойында 
бөлек- бөлек болыпшашырай орналасқан. Бұл процес кезінде де азотты нгеіздер метильденеді 
немесе гидрленеді. «Пісіп жетілген» РНҚ молекуласы ғана өзінің тікелей міндетін атқара 
алады. 
Тұқым қуалау мәліметін беруде және белоктар биосинтезі кезінде әр РНҚ белгілі бір қызмет 
атқарады. 
РНҚ химиялық құрамы жағынан ДНҚ-ға ұқсайды, тек РНҚ молекуласында дезоксирибоза 
болады, ал тимин урцилмен алмастырылған. Сонымен РНҚ құрамына азотты негіздерден 
аденин, гуанин, цитозин, урацил кіреді; сол сияқты минорлы негіздерден нозин, псевдоурацил, 
метилинозин кіреді. ДНҚ құрамындағы сияқты мұнда да фосфор қышқылы болады. 
ДНҚ-дан айырмасы- РНқ түрлерінің бәрі әдетте бір тізбек түрінде тіршілік етеді. Өзінің 
түрлеріне байланысты РНҚ шамасы және молекулалық массасы әр түрлі болады. 
иРНҚ жиі жағдайда мРНҚ деп аталады, өйткені иРНҚ да, матрицадағыдай полипептид 
синтезделеді. иРНҚ молекуласы тиісті гені бар ДНҚ-ның белгілі учаскесінде синтезделеді 
және сол геннің көшірмесін дәл түсіріп алады. Осыдан кейін иРНҚ ядродан цитоплазмаға 
шығады да, рибосомалармен қосылысады, белок синтезі осылайша басталады. Жануарлар 
клеткасындағы иРНҚ тіршілігі бірнеше сағатқа, тіпті күнге созылуы мүмкін. Осы мезгіл 
аралығында белоктың жүздеген, тіпті тіпті одан да көп молекулалары синтезделеді. 
Барлық тРНҚ –ның жалпы жоспар бойынша құрылғаны, олардың кеңістік құрылымы бірдей 
екендігі, пішінің беде жапырағына ұқсайтыны анықталған. Барлық тРНҚ конформациясы 
ұқсас болғанымен нуклеотидтердің орналасу реті әр түрлі. 
тРНҚ молекуласында шағын 3 ілгек бар, ол ілгектер белок синтезі кезінде әртүрлі қызмет 
атқарады. Мысалы, псевдоуридил ілгегі, бұл ілгектің көмегімен тРНҚ мен рибосома 
байланысады, онда ГТПЦГ нуклеотдтері бар 


30- тақырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет