Пептидтер, полипептидтер, Биологиялық активті пептидтер. Пептидтердің синтезі. Белок молекуласының құрылымы. Полипептидтер дегеніміз-амин қышқылдарынан түзілген қосылыстар. Екі амин қышқылы
өзара бірімен-бірі әрекеттескен кезде суды бөліп шығарады да, дипептид түзеді.
Егер дипептидке үшінші амин қышқылы қосылса трипептид түзіледі.
Полипептидтерді кейде қарапайым түрде пептидтер деп те атайды. Олардың құрылымы
тізбектелген болады, сөйтіп полипептид тізбегін түзеді.
Көптеген пептидтер адамның, жануарлардың жәнеөсімдіктердің ұлпаларында бос күйінде
кездеседі. Пептидтердің ішіндегә ең қарапайымы-глутатион.
Гипофиздің артқы бөлігіндегі окситоцин мен вазопрессин гормондары төменгі молекулалы
пептид. Олар 9 амин қышқылы қалдығынан тұрады. Бірақ, организмде екеуі екі бөлек қызмет
атқарады.
Пептидтердің химиялық синтезі.
Пептидтерді химиялық жолмен ең алғаш синтездеп алған Э.Фишер болатын. Э.Фишералған
пептид 18 амин қышқылы қалдығынан тұрады. Бұл жаңалық жиырмасыншы ғасырда ғылымдағы
белок жөніндегі қол жеткен аса үздік табыс еді. Бұдан кейін құрамы 19 амин қышқылы
қалдығынан тұратын пептидтер және құрамы 20 амин қышқылы қалдығынан тұратын пептидтер
(Бергман) синтездеоді. Бұл ғалымдардың белокты синтездеп алуға қатысты әдістерінің тиімілігі
оншама үлкен емес.
1960 ж шамасында Меррифельд белок синтездеудің болашағы зор әдісін және өте ұзын
пептидтерді синтездеу әдісін тапты. Инсулин химиялық жолмен осы әдіс бойынша синтезділіп
алынды. Ол химиялық жолмен (пробиркада) алынған алғашқы белок болатын. Бұл жаңа әдістің
негізін қалауға себеп болған идея мынадый: белок синтезі оның қатты фазада тұрған кезінде
жүзеге асырылады, соның нәтежиесінде синтездің әр кезеңінен аралық өнім бөлінбейді және
полипептидтік тізбектің ұзара түсуіне мүмкіндік береді. Мұндай синтез кезінде қорғалған амин
тобы бар бірінші амин қышқылы қатты ұстауыш (носитель) полистирольдық смоланың ион
алмастырушының CLCH
2
– тобымен қосылып якорь байланысы дегенді түзеді. Осыдан кейін
смола арқылы амин қышқылдарын ерітіндімен өткізі отырып, пептид тізбектерін ұлғайта түседі.
Синтездің соңында жинақталған қажетсіз топтарды бөліп шығарады да, пептидті қатты
ұстауыштан ажыратады. Дисульфид байланысының қалыптасуын химиялық жолмен жүзеге
асырады. Молекулалық массасы біршама үлкен пептидтерді синтездеуде бұл автоматтандырылған
тәсілдің маңызы зор.
Белок молекуласының құрылысы
Қазіргі кездегі түсінік бойынша белок дегеніміз молекулалық массасы 5000 Д шамасынан көп,
кеңістік құрылымы бар және организмде белгілі бір қызмет атқаратын полипептид.
Белок молекуласы бір, екі және көп полипептид тізбегінен құралады. Белоктың полипептид
тізбегінде ондаған, тіпті жүздеген амин қышқылдарының қалдығы болуы мүмкін. Ондай
қалдықтар пептидтік байланыс СО – NН- көмегімен бірімен- бірі өзара жалғасады. Кезектесіп
отыратын көміртегі мен азот атомдары қаңқа болып қалыптасады да ондай қаңқадан жан- жаққа
амин қышқылдарынң бүйірлік топтары таралады.
Белок молекуласының әрбір полипептид тізбегі клеткада организмнің генетикалық мәліметіне
сәйкес және генетиканың заңы бойынша «бір генге- бір полипептид тізбегі» деген ереже бойынша
синтезделеді
Белок молекуласының физикалық- химиялық қасиеттері және олардың биологиялық
ерекшеліктері амин қышқылы қалдықтарындағы жан- жаққа тармақталған бүйірлік топтарына
байланысты болады.