Заманауи CASE- жүйелер сипаттамасы.
Заманауи CASE- құралдар АЖ жобалаудың көптеген технологияларын қолдаудың кең облысын қамтиды.
CASE- құралдар разрядына барынша шектелген мүмкіндікке ие тұлғалық компьютерлерге арналған салыстырмалы арзан жүйелерде, әртекті есептеу платформалары мен операциялық орталарға арналған қымбат тұратын жүйелер де кіреді. Сонымен, бағдарламалық құралдардың заманауи нарығында шамамен 300 түрлі CASE- құралдар бар, олардың ең қуаттыларын батыстық жетекші фирмалары қолданады
БЖ өмірлік циклін қолдауды қамтамасыз ететін CASE- құралдардың толық кешені мынадай компоненттерді қамтиды:
CASE- құралдар негізі болып табылатын репозиторий. Ол жоба версиясымен оның жекелеген компоненттерінің сақталуын, топтық жасалым кезінде әртүрлі жасаушылардан түскен ақпараттардың синхрондалуын, метамәліметтер толықтығы мен қарама- қайшы еместігін бақылауды қамтамасыз етуі қажет;
АЖ моделдерін түзуші иерархиялық байланысқан диаграммалардың (мәліметтер ағынын «мән-байланысты» және басқалардың) жасалуы мен редакциялануын қамтамасыз ететін талдау мен жобалаудың графиктік құралдары;
4GL тілдері мен кодтар генераторын қамтитын қосымшаларды жасау құралдары;
Конфигурациялық басқару құралдары;
Құжаттандыру құралдары;
Тестілеу құралдары;
Жобану басқару құралдары;
Реинжитеринг құралдары;
Барлық заманауи CASE- құралдар барлығынан бұрын типтері бойынша жіктелуі мүмкін. Типтер бойынша жіктеу түрлі ЖЦ процестеріне CASE- құралдардың функционалдық бағдарлануын көрсетеді. Осымен қатар, CASE- құралдарды мына белгілері бойынша жіктеуге болады:
мәліметтер базасы (МБ) жүйелері мен базаларының қолданылатын методологиялары және моделдері бойынша;
мәліметтер базасын басқару жүйелерімен (МББЖ) бірлесу дәрежесі бойынша;
қолжетімді платформалар бойынша;
Типтер бойынша жіктеу негізінен CASE- құралдарының компоненттік құрамымен сай келіп, мынадай негізгі типтерді ұамтиды:
пәндік облыс моделдерін (Design/IDEF, BPwin) құру мен талдауға арналған талдау құралдары (UPPER CASE);
жобалаудың кеңінен тараған методологияларын қолдаушы және жобалық спецификацияларды (Vantage Team Builder, Designer/2000, Silverrum, Pro-IV, Case- аналитик) жасау үшін қолданылатын талдау мен жобалау құралдары (Middle Case). Мұндай құралдар шығуы болып жүйе компоненттері мен интерфейстерін спецификациялау, жүйе архитектурасы, алгоритмдер мен мәліметтер құрылымы табылады;
ең кең тараған МББЖ үшін мәліметтер базасының сызбаларын генерациялау мен мәліметтердің моделденуін (тәртіпке сай, SQL тілінде) қамтамасыз ететін МБ жобалау құралдары. Оларға ERWIN,S.Designor және DataBase Designer(ORACLE) жатады. Мәліметтер базасын жобалау құралдары сонымен бірге Vantage Team Builder, Designer/2000, Silverrum, Pro-IV, Case- құралдары құрамында болады;
қосымшаларды жасау құралдары. Оларға 4GL құралдары( Uniface, JAM, PowerBuilder, Developer/2000, NewEra, SQL Windows, Delphi және басқалары ) мен Vantage Team Builder, Pro-IV және жекелей алғанда Silverrum құрамына кіретін код генераторлары жатады;
мәліметтер базасының сызбалары мен бағдарламалық кодтарының талдауын және түрлі моделдер мен жобалық спецификациялар негізінде олардың қалыптасуын қамтамасыз ететін реинжитеринг құралдары. МБ сызбасын талдау мен ERD қалыптастыру құралдары Vantage Team Builder, Designer/2000, Silverrum, Pro-IV және S.Designor құрамына кіреді. Бағдарламалық кодтарды талдау облысында С++ тілінде бағдарламалар реинжитерингін( Rational Rose, Object Team) қамтамасыз ететін объект- бағдарлық CASE- құралдар кең тараған;
Бағдарламалық жабдықтаудың нарығы мынандай біршама дамыған CASE- құралдарды қамтиды:
Vantage Team Builder (Westmount I-CASE);
Designer/2000;
ERwin+ Bpwin;
S.Designor;
Case- аналитик;
Rational Rose.
Достарыңызбен бөлісу: |