№1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе.
№1-дәріс.
Тақырыбы:Мәліметтер қорының пайда болу және даму тарихы.
Жоспар:
1. Деректор қорының негізгі түсініктері.
2. Мәліметтер базасының қысқаша тарихы
Деректор қорының негізгі түсініктері.
Ақпарат – ол деректердің өзара әрекеттесуінің және оларға сай келетін әдістердің салдары. Ақпараттану көзқарасынан ақпараттың келесі қасиеттері аса маңызды болып табылады: объективтілік және субъективтілік, толықтық, дұрыстық, адекваттық, жеткіліктік, актуалдық, есте сақтаушылық, жеткізе білулік, қабілеттілік, түрлендіргіштік, өшіргіштік.
Ақпараттану – адам өмірінің әр саласындағы ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолданумен байланысты сұрақтарды оқып үйрететін ғылыми пән. Генетикалық түрғыдан ақпараттану есептеу техникасымен, компьютерлік жүйелермен және желілермен байланысқан, себебі тек қана компьютерлер, ақпараттық процестерге ғылыми түрде жақындау бірмезгілде қажет және мүмкін болатындай көлемде ақпаратты тудыруға, сақтауға және автоматты түрде түрлендіруге мүмкіндік береді
Ғылым ретінде ақпараттану ақпараттық процестерге тән жалпы заңдылықтарды зерттейді. Ақпараттанудың қосымша объектісі әр түрлі ғылымдар және практикалық қызмет аймағы болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылысы: теориялық ақпараттану, есептеу техникасы, бағдарламалау, ақпараттық жүйелер, жасанды интеллект.
Ақпараттық жүйелер үлкен көлемді деректерді өңдеу және сақтау үшін арналған. Кез-келген ақпараттық жүйе негізгі үш функцияны орындауға тиіс: деректерді енгізу, деректер бойынша сұраныс жасау, есеп құру
Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.
Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар:
1)иерархиялық;
2) тораптық;
3) реляциялық.
Достарыңызбен бөлісу: |