Шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын жеке кәсiпкерлер орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:
мемлекеттік статистика;
мемлекеттік қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану. Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа са-
нының өлшемшарты ғана пайдаланылады.
Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі өлшемшарт: жұмыскерлердің жыл- дық орташа саны және жылдық орташа кіріс пайдаланылады.
Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он екі айға жұмыскерлердің санының он екіге бөлінген сомасы ретінде есептеледі.
Соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық кірістердің немесе Қазақстан Республи- касының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация не- гізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы Қайтадан құрылған ЖК жылдық орташа кірісі болып арнайы салық режимін қолданған жеке кәсіпкерлік субъектісінің жыл ішіндегі кірісі та- былады. Әрі қарай жылдық орташа кіріс соңғы үш жылға орташа арифметикалық көрсеткіш ретінде есептеледі.
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) қызмет түрлері бойынша кәсіпорындарды кодтауды қамтамасыз етеді және ақпараттарды жинау, өңдеу және деректер базасын құру, регисторларды жүргізу және т.б. кезінде стати- стикалық қызмет саласында қолдануға арналған.