1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет1/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі


Ө.А.Байқоңыров атындағы жезқазған университеті
«Қазақстан тарихы, экономика
және құқық» кафедрасы
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ»
ПӘНІНЕН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Жезқазған 2023


1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.


Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен субъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдістерін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуын жан-жақты қарастыру.


Талқылау сұрақтары:

1.1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері.


1.2. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері.
1.3. Экономикалық теорияның құрылымы мен атқаратын қызметтері.


1.1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері.

Адамзат баласының даму тарихында терең қозғаушы күш ретінде материалдық игіліктерді өндіру процесі табылған. Қоғам тек осы өндірістік процестерді жүзеге асыру және үздіксіз жаңартып отыру арқылы ғана тіршілік ете алады және дами алады. Сондықтан экономика кез-келген қоғамның іргетасы болып табылады.


Алғашқы рет «экономика» («ойкономия») термині б.д.д. III-ші ғасырда грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 жж.) және Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж) еңбектерінде п.б. «Экономика» сөзі екі сөзден құралады, «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заң деген, яғни шаруашылықты жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері дегенді білдіреді.
Қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн:
- ең біріншіден, экономика бұл - өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;
- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;
- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады.
Сонымен Экономика – бұл шаруашылық жүргізу барысында адамдар арасында пайда болатын қарым-қатынас.
Жалпы экономикалық теория ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ ғ. тоғысында пайда болған.
Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (ХVІІ-ХІХғ) саяси экономия ретінде дамыды. «Саяси экономия» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Монкретьен ең алғаш рет қолданды.
Саяси экономия – қоғам дамуының әртүрлі сатыларында тұрмыстық игіліктерді өндірудегі, айырбастаудағы және тұтынудағы адамдар арасындағы өндірістік қатынастарды, олардың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет