1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет2/9
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#134082
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
982675.pptx

Екіншіден, қоғамды тұтастай алғанда және оны табиғатпен салыстыру үшін кең мағынада қолданылады. Бұл ретте «әлеуметтік» термині «қоғамдық» терминімен теңеседі. Қоғам – әлеуметтің жоғары құрылымының жемісі. Сондықтан «әлеуметтік» сөзінің мағынасы «қоғамдық» сөзінен әлдеқайда кең.

  • Екіншіден, қоғамды тұтастай алғанда және оны табиғатпен салыстыру үшін кең мағынада қолданылады. Бұл ретте «әлеуметтік» термині «қоғамдық» терминімен теңеседі. Қоғам – әлеуметтің жоғары құрылымының жемісі. Сондықтан «әлеуметтік» сөзінің мағынасы «қоғамдық» сөзінен әлдеқайда кең.
  • Үшінші жағдайда, Біз «әлеуметтік» терминің сөздің кең мағынасында, адамзат тіршілігінің өзіне ғана тән ерекшелігін бейнелейтін жаңаша сапада қолданамыз. Ол қоғамның әлеуметтік жағдайының барлық құбылыстарын, оның қарапайым түрлерін де, күрделі жүйелерін де, жекелеген әлеуметтік әрекеттерді де, сондай-ақ, дамыған әлеуметтік институттарды да қамтиды.
  • Профессор Қ.Ғ.Ғабдулинаның пікірінше, социология мен әлеуметтенуды айыра білу керек. Себебі, қазіргі заманғы социология – осы ғылымды құрайтын бір-бірімен тығыз байланысты түрлі теориялар мен білімдердің жиынтығы. Сондықтан социологиялық зерттеулер әлеуметтік зерттеулердің негізін құрайды.
  • Ал әлеуметтану болса экономика, құқықтану, халықтану (демография), мәдениеттану, этнология, психология және т.б. қоғамдық ғылымдарға байланысты қолданылады. Арнайы ғылыми түрде «әлеуметтану» термині әлеуметік қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік қатынастардың құрлымын талдау, - деген мағынаны білдіреді. Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы қарым-қатынастардың, индивидтердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге қарым-қатынасы. «Әлеуметтануды» адамдардың қоғамдық өмірге қатысу негіздерін зерттеу ретінде түсінуге болады.

Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,« әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б. Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық. Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет