Демографиялық жарылыс – жоғары бала туудың сақталуы кезінде өлім-жітімнің төмендеуі аясында халықтың өсу қарқынының шұғыл түрде жылдамдауы.
Денсаулық сақтау – әлеуметтік экономикалық және медициналық іс-шаралардың және де іс-әрекетті халықтың денсаулық деңгейінің сақталуына және жоғарылауына бағытталған әлеуметтік институттар жүйесі.
Денсаулық – сыртқы ортамен толық теңгермешілікте және аурумен байланысты қандай да бір ашық өзгерістердің болмауымен сипатталатын, адам ағзасының тірі жүйе ретіндегі жағдайы.
Дін – бұл бірқатар қауымдастықтың мүшелері бөліп тұратын сенім-наным, оған аса зор құрметпен және бойұсынумен және де салт-жоралғылардың әрекеттермен қатысты символдар да қосылады.
Жаһандану– бүкіл әлемдік экономикалық, саяси және мәдени интеграция мен біріздендіру үдерісі.
Жаһандану – бұл түрлі адамдардың, аймақтардың және әлемдегі елдердің арасындағы өзара байланыстылықтың өсуі.
Жатсыну– бұл адамзат ретінде біз ие болатын мүмкіндіктерімізді басқалар иеленетін сезім.
Жұмыссыздық – егер де адам осындай іс-әрекетке дайындалған болса, жалдамалы немесе өзіндік дербес істер бойынша жұмыстың болмауы жағдайы.
Интервьюер– ауызша вербалдық коммуникация жолымен ақпараттарды жинауды жүргізетін тұлға.
Кедейшілік – салауаты өмір сүруді қолдап тұру үшін жеткілікті материалдық және мәдени ресурстардың болмауы