Стратификациякритерийлері – бұл қоғамның жеке бөлінуі үшін негіздеме ретінде көрініс беретін адамдардың әлеуметтік емес белгілері (табысы, билік, кәсібі, беделі).
Топ – әлеуметтік топтар – бұл нақтылы өзара әрекеттестікке кірісетін және әлеуметтік қарым-қатынастарды құрайтын жеке тұлғаның ұжымдары. Ч. Х. Кули топтарды бастапқы және қосалқы деп жіктеген. Бастапқы топтар-бұл жеке тұлғалардың тікелей өзара әрекеттестігі күшінде қалыптасатын аздаған топтар. Бұл категорияға отбасын, достар топтарын және көптеген жұмыс топтарын жатқызуға болады. Қосалқы топтар көлемдері бойынша үлкен және олардың мүшелері бір-бірімен тікелей түрде өзара әрекеттеспейді.