1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі


Тақырыпқа сәйкес сұрақтар



бет12/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Тақырыпқа сәйкес сұрақтар:

  1. Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі.

  2. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар.

  3. Дауыссыздардың қолдану аясы.

  4. Консонантизмдер.

Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер

  1. 1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.

  2. 2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
    Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.

  3. 3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет

  4. 4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015

  5. 5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.

  6. 6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.

  7. 7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.

  8. 8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.

9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999
_7_ тақырып
Буын. Буынның құрамы. Буын құрамының өзгеруі
Дәріс жоспары:
1. Буынға тән сипаттар, буынның түрлері.
2. Буынның дыбыстық құрамы.
3. Сөздердің буын құрамы. Буын жігі. Буынға тән сипаттар.


Мазмұны
Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектер(единицалар) – буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.
Жанып тұрған май шамға таяу отырып сөйлегенде, ол жалп-жалп етіп тұрады. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан (фонациялық) ауамен тікелей байланысты болады.
Буын – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.
Сөздер айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектер – буындарға бөлінеді. Буын тікелей дауысты дыбыстарға байланысты. Сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда ауа еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен (леппен) тікелей байланысты болады. Қазақ тіліндегі буынға тән мынадай сипаттар бар:
1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуы тиіс және оның саны біреуден артық болмауы керек. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады.
2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әр бір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мысалы, ат‑ты‑лар‑ға деген төрт буынды сөздің а)буыны (ат) – түбір сөз, ә) буын (‑ты) – сын есім тудыратын жұрнақ, б) буын (‑лар) – көптік жалғау, в) буын (‑ға) – барыс септігінің жалғауы. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну қажет. Буында мағына болу міндетті емес.
3. тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Қазақ тілінде буынның жуан, жіңішкелігі дауыстыларға байланысты.
4. қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген сөздер екі, үш, тіпті төрт дауыссыздан да бастала береді: стиль, студент, спринт, стратегия.
5. сөздің бірінші буынынан басқа буындары дауысты дыбыстан басталмайды.
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Мырзабеков екіге бөледі. Ал І.Кеңесбаевтің үшке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді. Соңғы бөліну қазақ тіліндегі барлық оөулықта жүр(ашық, тұйық, бітеу).
Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді. Шартты түрде буын құрамындағы дауыстыны А әрпімен, дауыссызды В әрпімен таңбалап, буын түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай көрсетуге болады:
1. жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын – ашық буын:
· А: а‑на, ә‑ке, о‑қы, ы‑ды‑сы;
· ВА: ба‑ла‑сы, да‑ла, бі‑лі‑мі;
· ВВА: ста‑нок, сти‑мул, гра‑нат;
· ВВВА: стра‑тегия, стра‑тосфера;
2. соңы дауыссызға аяқталатын буын – тұйық буын:
· АВ: ат, ән‑дет, ой‑лан, үй ақ‑та;
· АВВ: ант, өрт, ұлт‑тық, ырс‑ырс;
3. дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын – бітеу буын:
· ВАВ: бас‑тық, тақ‑пақ, бұл‑бұл;
· ВАВВ: қант, қарт, былқ‑былқ;
· ВАВВВ: пункт, фильтр, се-местр;
· ВВАВ: крем, шкаф, штаб;
· ВВАВВ: спорт, старт, штамп;
· ВВАВВВ: спектр;
· ВВВАВ: штраф, штрих, шприц, струк‑тура.
Буын құрамының өзгеруі. Қазақ тіліндегі буында өзара қарым‑қатынасқа түскенде кейде бастапқы қалпын сақтаса, кейде түрін өзгертіп отырады. Дауыссыздан басталатын ашық (ВА), бітеу (ВАВ, ВАВВ) буындар өзінің алдыңғы буынға дыбыс та бермей, дыбыс та алмай, дыбыстық құрамын әрқашан сақтап тұратын болса, тек сөздің басында ғана келетін үш буын (А, АВ, АВВ) өзінің алдындағы буынның соңындағы дауыссызды ылғи да өзіне қосып алады, нәтижесінде көрші екі буын да сандық сапалық өзгеріске ұшырап, буын құрамы өзгереді.
Буын құрамы мына жағдайларда өзгеріске түседі:
1. ВА+А=ВА: са‑ры+а‑ла – са‑ра‑ла; ал‑ты+е‑лі – ал‑те‑лі.
2. ВА+АВ=ВАВ: е‑кі+еш‑кі – е‑кеш‑кі; е‑кі+ал‑ма – е‑кал‑ма.
3. ВА+АВВ=ВАВВ: е‑кі+айт‑ты – е‑кайт‑ты.
4. ВАВ+А=ВА+ВА: бес+а‑дам – бе‑са‑дам; бар‑мақ+е‑дім – бар‑ма‑ғе‑дім.
5. ВАВ+АВ=ВА+ВАВ: бес+ал‑ма – бе‑сал‑ма; бес+ай – бе‑сай.
6. ВАВВ+А = ВАВ+ВА: тарт+-а – тар‑тақант+-ы – қан‑ты.
7. ВАВВ+АВ = ВАВ+ВАВ: тарт+‑ып – тар‑тыптөрт+еш‑кі – төр‑теш‑кі.
8. ВАВВ+АВВ=ВАВ+ВАВВ: төрт+айт‑ты – төр‑тайт‑ты.
9. АВ+А=А+ВА: ат+-ы – а‑тыақ+а‑ла – а‑ға‑ла.
10. АВ+АВ=А+ВАВ: үш+ай – ү‑шайақ+үй – а‑ғүй.
11. АВВ +А=АВ+ВА: ант+-ы – ан‑тыайт+-а – ай‑та.
12. АВВ+АВ=АВ+ВАВ: ант+-ым – ан‑тымайт+-ып – ай‑тып.
13. АВВ+АВВ=АВ+ВАВВ: ант+айт‑ты – ан‑тайт‑ты.
Бұдан байқайтынымыз, дауыстыдан басталатын буын (сөз) өзінен бұрын тұрған буынның соңындағы дауыссызды өзіне қосып алады. Себебі, бір бунаққа енген сөздер айтуда күрделі бір сөзге айналады, ал сөз ішінде буын дауыстыдан басталмайтын болғандықтан, алдыңғы буынның соңғы дауыссызын өзіне селбестіріп, қосып айтуға мәжбүр болады.
Бұлардың арасында жылысатын тек дауыссыздар болатындықтан, буын құрамының өзгеруі дыбыс жылысуы болып табылады. Жылысатын дауыссыз – бунаққа енген әр түрлі сөздердің (буындардың) арасын жымдастыратын, кіріктіретін дәнекер. Соның арқасында сарала (сары ала сын есімі) мен сарала (етістік), алтай (алты ай) мен Алтай (жалқы есім), сатыбалды (сатып алды күрделі етістігі) мен Сатыбалды (жалқы есім) айтылуы жағынан ұқсайды.
Жалпы, байырғы сөздеріміздің буын құрамы А, АВ, ВА, АВВ, ВАВ, ВАВВ түрінде ұшырасады, өзге тілден енген сөздер арқылы бес, алты дыбысты буындар пайда болды. Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет