Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т б. арқылы білдіреді



Дата29.09.2023
өлшемі15,97 Kb.
#111484

практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тәсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалап, «Аталы сөзге арсыз ғана таласады»-деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді.
Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасы мифологиялық космоцентірлік, яғни, адам мен ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда ғарыш пен жердің ғайыптан пайда болғаны туралы, күннің, айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған. Сонымен бірге фетишизм, тотемизм, анимизм элементтері, адамдардың құдайлық күштермен « қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың- шамандардың қолында болды. Ете қазақи түркілер арасында әртүрлі діни наным-сенімдер болған. Олардың ішінде ең әйгілісі- оққа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Егіншіліктің пірі- Диқан баба, желдің пірі- Жалаңаш ата, түйеге- Ойсылқара, сиырға- Зеңгі баба, ешкіге- Сексек ата қамқоршы деп санаған. Қыдыр ата алуан түрлі игілік, молшылық, байлық, бақыт әкелуші. Жоғарғы құдай Тәңір-Көк идеясы көптеген түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың ата-бабаларының да дүниеге көзқарасында пайда болған. Бұл көзқарастың негізі Көкке және Жер-Суға сыйыну болады. Құдірет деп есептелген бұл күштердің негізі Көк болды. Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай- от басы мен бала-шағаны қорғаушы күш. Тоыкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлағаносылар деп ойлау керек!»-деп жазылған. Тағы бір жерінде : « Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы пайда болған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған!».
Қазақтар 8-ғасырда ислам дінін қабылдаған. Ислам Қазақстандағы христиан дінін де, буддизм дінін де зороастризм дінін де жергілікті діндерді де біртіндеп ығыстырып шығарды. Сөйтіп қазақтар политеизмнен монотеизмге өтті.
Халықтың қауымдық санасы оның жекелеген өкілдері үшін оның сыртында өмір сүре алмайтын мәдени контексті білдіреді. Өйткені, бұл адамдар бір-бірімен бірлескен әрекетке қатысады, белгілі бір тілдердің кодын шартты белгісін қолданады. Бұл мағынада «Қозы Көрпеш-Бая сұлу» жыры өзі бастау алатын ғұндар мен сақтар үшін де, солардың ұрпақтары болып саналатын қыпшақтарға, наймандарға, арғындарға сондай-ақ, қазіге дейін махаббат жайлы осы бір жыр сүйіп оқитын қазақтар үшін те тең дәрежеде ұғымды, түсінікті.
Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі-тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. «Орхон-Енесей», «Қорқыт ата кітабі» Оғызнама жазба ескерткіштерінде тотемдік, анимистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады.
Мәдениет- халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз- дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет- адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам-«хайуани мадани», яғни мәдениетті жан.
Адам және мәдениет мәселесін тереңтете түсетіе тағы бір мәселе- адамның көпмағыналығына, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американдық ғалым К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш деңгейге: физикалық, ментальдық және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген сауал туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қардүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениет өзінің ішкі мағынасында ментальды екеніне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние- бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана,

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет