1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Жарықты қабылдау 
Таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен 
олардың ішіндегі арнайы заттар фотохимиялық реакцияға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша тәрізді 
клеткаларда родопсин, сауытша тәрізді клеткаларда иодопсин болады. Жарық сәулелерінің әсерінен 
родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, қозу пайда болады. Ретинен А витаминінің туындысы
сондықтан бұл витамин жеткіліксіз болғанда адамның қараңғыда көру қабілеті төмендейді. Мұндай 
кемшілікті соқыр тауық немесе гемералопия дейді. Таяқша клеткалар өте әлсіз – 0,01 люкстен кем 
жарық сәулелерін сезеді. 
Люкс
– жарық сәулелері 1 м қашықтықтан 1 м
2
тегістікке тік түскенде пайда болатын 
жарықталуының дүниежүзілік өлшемі. 30 люкстен астам жарықты сауытша клеткалар сезеді. 
Сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық 
реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру 
нервінің орталыққа тебетін афференттік ұштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп
одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының шүйде тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда 
талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Фотохимиялық реакцияның пайда 
болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейді. Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық 
адаптациясы дейді.
Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру 
талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқындарын 
қабылдау қабілеті 390-760 нм шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім 
тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм. 
Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М.В.Ломоносов 1756 ж. қалаған. 
Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған 
ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет