Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекейі өсіп, дауысы өзгереді. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады. 15 жастан бастап қолтығында түктер өседі, сақал-мұрт шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды.
18 жаста жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады.
Қыз балаларда 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда болады, жамбас сүйектері өседі. 10 жасқа жақындағанда емшегі өсе бастайды. 13-15 жаста бойы жылдам өсіп, қолтығына түктер шығады, етеккірі келеді. 16-18 жаста қыздар толық жыныстық жетіледі.
Жыныстық жетілу мерзімі тұқым қуалау қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауарайына, сыртқы орта жағдайларына байланысты.
Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында
7-тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері
Тірек қимыл жүйесіне жалпы сипаттама
Қаңқаның құрылысы
Омыртқалардың ерекшеліктері
Көкірек қуысы сүйектері
Бұлшықеттердің құрылысы мен қызметі
Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықттері жатады.
Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Олар бір-бірімен буын арқылы жалғасып қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшқеттер бекітілген. Әрбір сүйекке екі немесе одан да көп бұлшықеттер ұштасады.
Бұлшықеттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау.
Сүйектің құрылысы.Сүйек остеон деп аталатын пластинкадан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай 2 түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттардан.
Тығыз заттар кемік сүйектердің сыртында орналасқан. Оның қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасқан. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектердің екі ұшында көп болады. Жілік сүйегінің каналдарындағы майының түсі сары, ал кемігіндегі майыың түсі қызыл болады. Себебі сүйектің қызыл кемігінде эритроцит, лейкоцит, трмбоцит өсіп дамиды.
Сүйек қабы екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабығы тығыз, ішкісі жұмсақ борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Ішкі қабығында остеобластар болады. Олар сүйектің өсуін қамтамасыз етеді. Сүйек қабының қантамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде оссейн жанады да, бейорганикалық заттар қалады. Ондай сүйектер тез сынады. Ал сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майстыруға болады.
Жас балалардң сүйегінде органикалық, ересек адамның сүйегінде минералдық заттар көп болады.