Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде жұмыртқа клетка мен сперматазойд бөлінеді де, ішкі секрециялық без ретінде гормондар бөледі.
Аталық жыныс бездері ұмада орналасқан, андрогендер тобына жататын (тестостерон, андростерон) гормондар бөледі. Аталық бездің гормондары ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, сақал-мұрттың, денедегі түктің, дыбыстың өзгеруіне әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді.
Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Көбінесе 6 жастағы ер балаларда кездеседі, аталық безі үлкейеді, бала тез өсе батайды, баланың бойында ересек адамның дене сипаты қалыптасады. Операция жасап, сылып алып тастағаннан кейін жазылады.
Гипофункция кезінде жасөспірімдер мен ересек ерлерде әтектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді, даусы жіңішке болады, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, әйел пішінді болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл ауруды анықтау қиын. Тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кешіккенде ғана білінеді.
Әйелдердің жыныс безі жатырдың оң және сол жағында орналасқан, эстроген және прогестерон гормондарын бөледі.
Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып, жатырдың бұлшықеттеріне әсер етеді, әйел жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс белгілерін тудырады, қыздардың бойын өсіреді, зат алмасуына әсер етеді.
Прогестеронсары дененің гормоны. Ол жатырдың эндометриясына әсер етеді. Прогестерон жұмыртқа клетканың ұрық жолынан өтуіне және оның сыртқы қабығының пайда болуына әсер етеді. Жатырда прогестеронның секреторлық без клеткаларына әсер етіп, ұрықты қоректендіруге дайындайды, жатырдың жиырылуына кедергі жасайды.
Жыныстық жетілу
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқындалады. Бұл кезден бастап 1 жасқа дейін аталық без біркелкі дамиды. 1 жастан жыныстық жетілуге дейін баяу дамиды. Аналық жыныс безі 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады. Сосын 7-9 жасқа дейін күрт төмендейді.