Жүйкелер мен жүйке талшықтары. Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді жүйке талшықтарының сыртын миелин қабығы қоршаған, миелинсіз жүйке талшықтарының сыртын эндотели қабығы қоршаған.
Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты. Жүйке талшықтарын диаментріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 120 м.
В тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 5 м.
С тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы секундына 2 м.
Балалрдың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады.
Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құймшақ бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер). Жалпы жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.
Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық (тізе рефлексі, зәр шығару эякуляция, жыныс мүшесінің эрекциясы).Оның бойымен дененің барлық бөлімдерінен миға импульстар тасылады, ал мидан жүйке импульстары мүшелерге барып, олардың қызметңін реттейді. Жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан.Адамның өмірі үшін маңызды рефлекстер (зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, шәухат шығару рефлекстер) және тізе рефлекстер жұлынның қатысуымен жүреді
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең маңызды бөлігі
Ми. Ми ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды: Миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді І-иіс, ІІ-көру, ІІІ- көз қимылдатқыш, ІҮ- шығыршық, Ү-үшкіл (үш тарамды), ҮІ- бет бұру, ҮІІ- бет, ҮІІІ-дыбыс, ІХ-тілжұтқыншақ, Х- кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері.
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Жаңа туған ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе ұлғайады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.
Мидың бөлімдері: сопақша ми, Вароли көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, үлкен ми сыңарлары.