1 тақырып. Кіріспе. Халықты тамақ Өнімдерімен қамтамасыз етудің Қазіргі күЙІ. Дәрістің мақсаты



бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі32,21 Kb.
#135667
  1   2   3
Байланысты:
1 tak r p


1 ТАҚЫРЫП. КІРІСПЕ. ХАЛЫҚТЫ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ КҮЙІ.


Дәрістің мақсаты: Халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етудің қазіргі күйін зерттеп танысу.
Түйінді сөздер: рационалды тамақтану, физиологиялық нормалар, энергияны тұтыну, метаболизм, ассимиляция, дифференциация, метаболизм
Дәріс жоспары:
1. Халықтың салауатты тамақтануы саласындағы мемлекеттік саясат.
2. Функционалдық тамақтану өнімдерінің жіктелуі.


Тамақпен емдеу ежелден әртүрлі аурулардың емдеу комплексінің маңызды бөлігі болып саналады. Бір жағдайда ол аурудың асқынуы мен өршуінің алдын алуға көмектесіп, әртүрлі терапияның әсерін күшейтсе, екінші жағдайда – организмнің сақтану күшін арттырып, дененің әртүрлі мүшелері мен тканын қалпына келтіруге, науқастың айығу процесін шапшаңдатуға ықпал етеді. Кейде тамақпен емдеу — мәселен, заттар алмасу дертін, дәрі-дәрмектен пайда болған ауруды, аллергиялық (ұшыну) жағдайды емдеудің бірден-бір тиімді әдісі болып табылады. Совет диетологы М. И. Певнезер былай деп жазды: «Тамақпен емдеу жоқ жерде, шипалы емдеу де жоқ».
Қазіргі кезде көптеген ауруды емдеу құралының арсеналына диеталық тамақты да қосады. Бірақ диеталық тамақ шын мәнінде шипалық әсер етуі үшін ол бірқатар маңызды талаптарға сай болуға тиіс. Мәселен, тағамдардың рецептүраларында пайдаланылатын өнімдер мөлшерінің тепе-теңдігін сақтап, тағамдарды тек дәрігер диета белгілеп берген өнім-дерден істеу, сондай-ақ суға салып асып, немесе буға бұқтырып, қалайы қағазға (фальга) орап пісіру сияқ-ты тамақты әзірлеудің диета ұсынылған бір әдісін берік ұстану қажет.
Тамақпен емдеуге ас қорыту органдарының шырышты қабатын механикалық және химиялық түрде зақымдамайтын диета кеңінен қолданылады. Әрбір диетаға ұсынылатын және тыйым салынатын белгілі бір өнімдер тобы енгізіледі. Көптеген өнімдердің консистенциясы жұмсақ болуы ұшін оларды майда тор көзді ет тартқыш машинадан електен өткізеді. Дие-талық тағамдарды мүмкін болғанша әдемілеп әшекейлеп беру керек, өйткені олардың көпшілігінде экстрактық заттар жоқ, сондықтан оларда тәбет қоз-дыратын иіс те, дәм де болмайды. Бұл кемшіліктің орнын толтыру ұшін оларға лавр жапырағы, зире, қалампыр, жұпар жаңғақ, дәм қабық, сондай-ақ аскөктер (укроп, петрүшка, сельдерей сияқты дәмдік) немесе татымдық заттар қосады.
Біздің елімізде қолданылып жүрген емдік диеталардың сипаттамасы мен бірыңғай тіркелу талабына сай келетін белгілі бір мақсатты көздейтін өзіндік бағыты бар. Олар небары 15, алайда олардың, мәселен, 8, 8а, және сол сияқты орыс алфавитінің әріптерімен белгіленетін әртүрлі жобалары да болады. Біз солардың кейбіреулеріне — әдетте денесі тым етжеңді, атеросклерозға, бауыр ауруларына шалдыққан науқастарға тағайындалатын 5, 8, 10 с диеталарының сипаттамаларына ғана тоқталамыз. Бұл диеталардың әртүрлі жобалары келтірілген, сондай-ақ оларға жылқы еті — антиатерогенді, липотропты, өт шығарғыштық сияқты көптеген дертке шипалы қасиеті бар өнім қосылған.
Аптаға белгіленген диетадан оқырмандар тағамдардың тізбесі және олардың химиялық құрамымен бірге семіздік, атеросклероз және де бауыр аурула­рына шалдыққандарға берілетін диеталық тағамдардың рецептісін де табатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет