1 тақырып. Микробиология және вирусология пәніне кіріспе. Сұрақнама: Микробиология пәнінің мақсаты мен міндеттері


Микробиологиялық зертханалық құрал-жабдықтармен, микроорганизмдерді өсіру және олармен жұмыс жасау техникасымен, препараттар дайындау әдістемесімен танысу



бет4/4
Дата14.10.2023
өлшемі21,35 Kb.
#114411
1   2   3   4
2. Микробиологиялық зертханалық құрал-жабдықтармен, микроорганизмдерді өсіру және олармен жұмыс жасау техникасымен, препараттар дайындау әдістемесімен танысу.
Материалдар және құрал-жабдыктар
Жабынды шыны, микробиологиялық ілмек, спирт шамы, пинцет, суы бар тамызғыш,
бояғыштардьщ сулы ерітінділері (фуксин, метиленді көк, генцианвиолет), суы бар шайғыш,
препараттарға арналған шыны көпіршесі бар кристаллизатор, сүзгіш қағаздың жолақтары,
микроскоп, микроағзалардың таза культурасы, табиғи материалдардан (ет, балық, үн, көкөніс, көң
т.б.) жасалған түнбалар.
Бактериялар микроағзалардың ең кең және әртүрлі болып келетін топ. Бактеряялар көбінесе
жасушаның көлденең бөліну арқылы көбейетін біржасушалы ағзалар. Морфологиялық жағынан бактерияларды пішініне, мөлшеріне, жасушалардың өзара орналасуына, талшыктардьщ және капсулалардың бар жоғына, жасушаньщ спора түзу қабілетіне қарай ажыратылады.
Бірінші жағдайда микроорганизмдердің сапалық сипаттамаларын (морфологиялық, тинкториалды, культуралды қасиеттері, өміршеңдігі және т.б.) бағалау әдістері қолданылады. Шартты түрде оларды макроскопиялық және микроскопиялық деп бөлуге
болады:
-макроскопиялық әдістер ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізат және тамақ өнімдері
микробиологиялық бұзылуының көзбен бақылау, иіс,дәм, тактильді белгілерін сенсорлық талдауға негізделген;
-микроскопиялық әдістерге микроскопияның көмегімен ластаушы қоздырғыштарды анықтау, микроорганизмдердің морфологиялық, тинкториалды қасиеттерін зерттеу, өнімнің балғындығын бактериоскопиялық талдау және т.б.
Сандық микробиологиялық зерттеу талданатын объектілердің үш негізгі аспектілері туралы ақпарат алуға бағытталған:
• микроорганизмдердің жалпы саны (биомассасы);
• микроорганизмдердің түр құрамы мен сандық құрамы;
• жасушалардың физиологиялық және биохимиялық белсенділігі.
Микробиологиялық зерттеу әдістері өлшеу дәлдігіне байланысты:
• салыстырмалы қателігі 20%-дан аз сандық әдістерге,
• жартылай сандық – 20-40%,
• сапалық – 40%-дан жоғары болып бөлінеді.
Микробиологиялық зертеудің барлық әдістері шартты түрде:
• Тікелей;
• Жанама.
Тікелей әдістер микробиологиялық
көрсеткіштердің абсолютті мәндерін береді. Оларға: микроскопиялық әдістер,
микроорганизмдерді өсіру әдістері, аралас әдістер (микрокультивирлеу).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет