№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық



Pdf көрінісі
бет11/52
Дата30.11.2022
өлшемі1,84 Mb.
#53651
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Байланысты:
12 такырып философия

1. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық 
құрылымы. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың 
түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс 
мәселелері. Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай 
ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің 
баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану 
қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем 
деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне 
философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, 
одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар 
толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен 
орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. 
Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп 
көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе 
Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен 


қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның 
практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол 
белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл 
уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді. 
Пантеизм аясында табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта 
Дж.Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның 
керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс 
теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық 
философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, 
Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты 
табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс 
дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді 
білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық 
және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді. Қысқаша айтсақ, 
барлық бар нәрсе - болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі 
мен мәңгілікті білдіреді. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада 
қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды 
білдіреді. Біріншіден, табиғат болмысы - онық күллі заттары, құбылыстары, 
процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз мәңгі 
өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар. Табиғатты 
өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан - жақты екінші табиғатты, яғни 
жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін, немесе мәдениетті тудырды. 
Мәдениет-адам іс-әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі. 
Екіншіден, бұл тән мен рухтың, табиғилық пен әлеуметтіктің бірлігінен 
тұратын ерекше тірі жан-адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен 
жеңісі бола отырып, адам өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. 
Гетеның әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге букіл адамзат тарихы 
да өледі дегенініқ мәні осыда болса керек. Үшіншіден, бұл-адамдардың 
рухани іс-әрекетінің өзара қарым-қатынасының әлемі болып табылатын 
қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның 
өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз 
заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол 
табиғатпен де етене байланыста. Төртіншіден, бұл-руханилық әлемі. 
Руханилық-өзіндік ерекшілігі мол реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға 
ұсталмайды, бірақ адам іс-әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл адамдардың 
практикалық іс-әрекетінде орын тепкен-сезім мен идеялардың, эмоция мен 
образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке 
сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері деп 
бағаланған бейсаналық та орын тепкен. Руханилық-бұл дін, мораль, өнер, 
ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық 
түрі өзіндік заңдарына сүйеніп, өмір сүреді, физика, биология, антропология, 
социологияның зерттеу объектілері болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз 
байланыста болады. Болмыс - адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры 
танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді 
деп көзделген. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық 


жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің 
болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. 
Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы 
болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық 
формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. 
Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — 
болу. 
Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) 
бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі 
адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке 
адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік 
болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) 
қоғам болмысы. 
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі — 
табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат — ол адамзатқа дейін 
пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол 
теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б кейін адам Жер табиғатына қуатты да 
кең әрекет етуші болып табылады. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар 
өндірген заттардың, процестердің, жай күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. 
К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: 
үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі 
организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда 
«екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды 
болады. 
Адам болмысы екіге бөлінеді: 1)Рухани болмыс — сана мен 
санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен 
топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет — тіршілігінен бөліп алуға келмейтін 
(дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша 
айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге 
болады. 
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы 
ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл 
мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар — кітаптар, сызбалар, 
жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. 2)Әлеуметтік болмыс-
екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам 
болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа 
кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық 
болмыс — ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс 
жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам 
неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті 
жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары 
саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға 
тікелей байланыстылығын байқаймыз. 
Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид 
енгізді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл - әрқашанда бар нәрсе. Ал 


болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да 
бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз 
болмыс - бұл ақыл - оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе - тең. 
Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне 
жеткізе алатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой 
адамға сенімділік береді. 
Парменидтің 
«болмыс» 
категориясы 
адамдардың 
күнделікті, 
практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс - әрекеттері мен 
ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол 
батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де 
бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын 
экзистенциалдық негіздер болып табылады. 
Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі 
ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін 
мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық 
та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы 
идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер 
туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты. 
Болмыстың шын негізін ол, уақыт бірлігінде шексіз деп атады. 
Парменидтің болмыс проблемасын жалғастыру мен жетілуін қалыптастыруда 
философтар үшін шынайы «өмірде» болмыстың барын сезінуіне байналысты 
болды. Мысалы, жасанды болмысты философтар орта ғасырда құдайдан, —
деп білді, ал басқалары шынайы материалды және материалды емес, — деп 
ойлады, бірақ әртүрлі дәрежеде болмыстың жасанды қатысы бар. Жасанды 
болмыс сөзсіз мойындаса адам болды, оның ойы, оның қажеттілігі оның 
өмірі. Болмыс қатынасының келесі формалары бар: табиғатына бөлінетін 
заттар, денелер процестер болмысы, әлемдегі адамдар болмысына бөлінетін 
адам болмысы, адамның индивид ретінде тіршілік етуі. Рухани (идеалдық) 
болмыс, ол индивидуалды рухани және объективті руханиға бөлінеді. 
Әлеумет болмысы индивидуалды болмыс пен тарихи болмысқа бөлінеді. 
Болмыс - санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың 
материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. 
Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы 
мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын 
мағынаға байланысты. «Болмыс» категориясының осы принципті маңызы 
оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндер - ақ дүниеге 
әкеліп, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. 
Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым 
ретінде пайда болған алғашқы күндері-ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген 
ілімдеріне негіз болды. Материалистік философияда ол сезім - түйсікпен 
қабылданатын материяны, материалдық объектілердің өмір сүруін, олардың 
пайда болуын және жойылуын білдірді. Ал идеалистік философияда болмыс 
идеяларының жалпы мәні, ұшы - қиырсыз жиынтығы түрінде логикалық 
категориямен жалаң қызмет ретінде көрінеді, сүйтіп материализмде 
болмыс-табиғат болмысы, ал идеализмде - табиғаттан бөліп қаралатын 


дербес ұғым. Философия болмыс ретінде ең алдымен материяның, жекелеген 
мәселелердің, процестердің, адамдардың түпкілікті, тиянақты болмысында 
қашан да санадан тәуелсіз өмір сүруін көрсетеді. Бұл орайда болмыстың 
болмауы абсолютті түрде жоғалып кету емес, материяның бір күйден екінші 
күйге, яғни болмыстын ескі формасынан жаңасына ауысуы. Сондықтан 
өзінің бомысында дүние материяның ғана емес, соңдай ақ сананың жиынтық 
ақиқаты ретінде көрінеді: «сана ешқашанда танылған болмыстан басқа нәрсе 
болмақшы емес, ал адамдардың болмысы-олардың тіршілігінің нақты 
процесі». 
Адам 
болмысын 
адамдардың, 
олардың 
мекемелерінің, 
мұраттарының, 
принциптерінің, 
теориялары 
мен 
идеяларының 
арақатынасынсыз елестету мүмкін емес. Табиғат, қоғам, адам және оның 
ақыл - ойы ұшы - қиырсыз, тоқтаусыз дүниесінде өмір сүреді және бұл оның 
материалдық бірлігінің алғышарты болып табылады. Бұдан: болмыс 
материалдық негіздің алғышарты болып табылады және материя мен болмыс 
ұғымдары толық үйлеседі деген кері түсінік тумауы керек. Бұл 
салыстырмалы үйлесім ғана, дүниенің субстанциясы болмыс емес, материя 
болып табылады: дүниенің бірлігі оның болмысында емес, оның 
материалдық негізінде; сананы болмыс емес материя оятады. Болмыс 
категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін танып білуде, 
дүниенің біртұтас кейінде болғанын, болып отырғанын және болатынын 
көрсететіндігінде. Бұл орайда әңгіме болмыстың мынадай негізгі формалары 
жайында болып отыр: а) біртұтас ұғым ретінде табиғаттың, табиғи және адам 
жасаған заттармен процестердің болмысы; ә) адам болмысы; б) жеке және 
нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы және в) адамның қоғамдағы 
және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысы. Табиғат болмысы; 
объективтілігімен - адам санасына дейін, одан тыс және тәуелсіз өмір 
сүруімен - кеңістік пен уақытта мәңгі - бақи болуымен - ол барлық жерде 
және әрқашан болуымен, болып отыруымен және болатынымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет