және борыш деген ұғымдардан мақрұм еді. Постмодерн философиясы
заңшыл ақыл-парасаттан бас тартып, оны түсіндіруші ақылмен алмастырды.
Ж.Дерриданың айтуынша, европалық санадағы ақиқатты толық меңгеру
идеалы шындап келгенде агрессиялық тұрпаттағы құбылыс. Түсіндіруші
ақыл
білімнің
негізін
іздестіру
мәселесін
трансцендентальді
субъективтіліктен күнделікті-қарапайым өмірлік практикаға бұруды жөн
тапты. Постмодернистер ұсынған жаңа ақыл білімнің негізін метафизикадан
іздеген жоқ, коммуникациядан іздестірді.
Араласудың, әңгімелесудің жалпы
фоны ғылыми ақиқатқа қол жеткізу емес, еркін сұхбат арқылы катарсиске
(рухани тазаруға) жету. Күнделіктілік тақырыбы феноменологиялық
социологияның бел ортасына қойылады. Күнделіктілік – бұл ғылымға дейінгі
табиғи қондырғы, субъектінің «қәзіргі», «осындағы» актуальді болмысы.
Ж.Деррида постмодернизмнің онтологиялық
және гносеологиялық-
методологиялық идеяларын әзірлеп жасады. Деррида қазіргі заманғы
философияның патологиясын лого-фоно-фалло-центризм деп тапты. Оны
түзетудің әдісін іздестірді. Мемлекеттің репрессияшыл құрылымының адамға
күйретуші әсерінен құтылудың әдісі – деконструкция деп тапты.
Постмодернизмнің деконструкциясы – әрі хат, әрі текстті оқу. Тект – бұл
таңбалардың шоғырланған үйіндісі емес, ол – процесс. Текстуалділік
«көптеген кішкентай наррациалардан» (әңгімелерден) түзіледі. Текстті
талдаудың қайсысы болмасын оның мәнін ашуға емес, тексттің ұлаюына
алып келеді. Талқылау процедурасы шексіз болуы ықтимал. Номадизм –
постмодернизмнің әлеуметтік
философиясының өзегі, оның осы кездегі
саяси-әлеуметтік
жүйеге
оппозициялық
қатынасының
көрсеткіші.
Постмодернист-деконструктивист жолаушы іспеттес. Жиль Делездің
айтуынша, номадтық дәстүрде ойлау – бұл Маркс пен Фрейд сияқты білім
ойынын ойнау емес, Фридрих Ницшенің әдетінше авангардтық өнер ойынын
ойнау. Жак Деррида 40-қа жуық еңбек жазды. «Дауыс және құбылыс» (1967)
және «Грамматология» (жазу туралы ғылым) атты еңбектерінде сөзден
(логостан) гөрі жазудың маңызын жоғары қояды. XX ғасыр философиясы
шынайы болмысты
таза сана аумағынынан іздеді, сөйтіп Хайдеггердің
нұсқасында аталмыш сферада ол жоқ деген тұжырымға келді. Нұрланған,
ашылған болмыс дегенімен бар еді, тек ол субъекті мен объектінің
тұтастығында ғана мүмкін еді. Болашақта да солай болады ма,
егер болса,
онда қандай жолмен болмақ? Міне, мәселе қайда? XXI ғасыр сұрағы осы.
Достарыңызбен бөлісу: