№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


  Жүсіп  Баласағұн  философиясындағы  әділеттілік  мәселесі.  «Құт»



Pdf көрінісі
бет38/62
Дата17.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#25744
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
3.  Жүсіп  Баласағұн  философиясындағы  әділеттілік  мәселесі.  «Құт», 
«қанағат», 
«тәуба», 
«әділет», 
«сабыр» 
категориялары
Жүсіп 
Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «адам» тұлғасын қалыптастыратын 
рухани  дүниенің  тазалығын  өзек  етіп,  өз  заманының  қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайына байланысты «адам» ұғымын құрайтын негізгі жақсы және жаман 
қасиеттерді билеушіге, яғни үстем тап өкілдеріне қатысты айтады. Мәселені 
әмірші-патшадан бастап ақын «ел-жұртты басқаратын адам  – ақыл-парасаты 
ұшан-теңіз,  ниеті  –  түзу,  сөзі  –  шырын,  білім  мен  өнерге  жетік,  қолы  ашық, 
пейілі  кең,  жүзі  жарқын,  ешкімге  кек  сақтамайтын  жан  болуы  шарт»  екенін 
жазған.  Поэмадағы  адамгершілік  аясына  шоғырланған  ойларды  көне 
түркілік,  шығыстық  сарындағы  тілдік  бірліктермен,  афоризмдермен,  мақал-
мәтелдермен, тұрақты теңеулермен берілген. 
Афоризм  (нақыл  сөз)  –мағынасы  терең,  ойды  қысқаша  бейнелейтін, 
мақал-мәтелге  ұқсас,  айтуға  оңай  көркем  сөз  тіркесі.  Яғни  қысқа,  әрі  ойлы, 
авторы  белгілі,  тұжырымды  ереже-қағидалар.  «ХХІ  ғасыр  –  білікті,  білімді, 
бәсекеге  қабілетті  жастардікі»(Н.Ә.Назарбаев),  «Тегінде  адам  баласы  адам 
баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген  нәрселермен  озады.  Одан  басқа 
нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» (Абай). 
«Құтты  білік»  -  өз  дәуірінің  адамгершілік  принциптері  мен  этикалық 
нормаларының  бейнесі  іспеттес  шығарма  саналған.  Дастанда  ақын  әділдік, 
ақыл-парасат,  бақ-дәулет,  қанағат-ынсап  туралы  ой  толғайды.  Сондай-ақ 
адамгершілік,  оқу-білім,  тәлім-тәрбие,  әдептілік  хақында  өсиет-ғибрат 
жасайды. 
Ең бастысы –өз заманында «Құтты білік» дастанын мемлекетті басқару 
жөніндегі  заң  ережелер  жинағы  ретінде  танылған  болатын.  Өйткені 
шығармада ел басқару принциптері орта ғасыр философиясы жырланды. 
Қазақ  хандығы  енді  ғана  қалыптасып  келе  жатқан  тарихи  кезеңде  дәл 
осындай  қоғамдық-әлеуметтік,  саяси  мәселелер  күн  тәртібінде  тұрды.  Олар 
қалың  бұқара  халық  пен  ел  билеуші  әкімдер  арасындағы  қарым-қатынас 
нормалары,  әрбір  адамның қоғам  алдындағы  міндеттері,  мемлекетті  басқару 
принциптері  және  тағы  басқа  көптеген  әлеуметтік  ахуалдағы  мәселелер 
қамтыды. 
Ж.Баласағұн  ойшыл  ретінде  өмір  жолын,  адам  тағдырын  және  ел 
болашағын  біріктіре  талқылауды,  адам  болудың  құндылықтарына, 
қасиеттеріне  және  тәсілдеріне  деген  байырғы  қалыптасқан  дағдыны  қайта 
қарастыруды,  толықтыруды  мақсат  тұтады.  Рухани  кеңістікті  кеңейтудегі 
мақсат - адам болмысының әлеуетін, кісілік қасиеттердің қуатын ашып беру, 
адал  еңбектенушілердің  еңсесін  көтеру,  жалқаулар  жатып  ішуге  неге  бейім 
екендігін  әшкерелеу,  көпшілікті  жағымды  ниетке  тоғыстыру,  түбірінде 
рухани  жаңғыру  мен  мәдениетке  жол  ашу  еді.  Рухани  құндылықтар  мен 
тарихи-мәдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу және 
насихаттау  жұмыстарын  ретке  келтіру,  оған  жаңа  серпіліс  енгізу  -  рухани 
жаңару  мен  гуманистік  дәстүрді  жалғастырудың  басты  шарттары.  Оған 


дәстүрлі пікірлер мен дәйекті болжамдар демеулікті үдетті. Өркениет кезінде 
адамгершілік тәртібі мен тәжірибесі алдымен сынға ұшырады, солай болса да 
адамгершілікке,  тектілікке  негізделген  қарым-қатынас  көркейді,  тағзым 
күшейді. Адамгершілікке бет бұру - ізгі жүрек ізгілігінен, туған жері, еліндегі 
тұма бастаулар мен мінез ерекшеліктерін іздестіруге ұйытқы болды. Ал ойлы 
іс-әрекет  еркіндігі,  көркемдік  және  ғылыми-философиялық  шығармашылық 
қарқынының  ауқымдануы  -  адам  болмысына  және  ел  бірлігіне  деген 
қызығушылықты  арттырды.  Осы  тұрғыдан  қарастырсақ,  дастанның идеялық 
композициясы  төрт  ұлы  ұғымнан,  төрт  қымбат  қасиеттерден:  1)  шындық 
жолы,  Әділет;  2)  құт  пен  ырыс,  Дәулет;  3)  Ақыл  менен  парасат;  4) 
ұстамдылық,  Қанағат  ұстанымнан  құрастырылуы  тегін  емес.  Ж.Баласағұн 
ұстанымында мұндай жеке кісілік қасиеттер бір-бірімен тұрақты үйлескен. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет