№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


№12. Тақырып. Қоғам және мәдениет



Pdf көрінісі
бет48/62
Дата17.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#25744
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
№12. Тақырып. Қоғам және мәдениет
 
Дәріс жоспары 
1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде. 
2.  Қоғамның  типтері.  Ақпараттық  қоғам.  Постиндустриалдық  қоғам. 
Ашық қоғам. Желілік қоғам. 
3.  Философия  тарихындағы  мәдениеттанулық  теориялар  (З.Фрейд, 
Н.Данилевский,  О.Шпенглер,  К.Леви-Строс).  Мәдениет  –  қоғам 
болмысының  формасы.  Материалдық  және  рухани  мәдениет.  Мәдениет 
және коммуникация. 
 


Дәріс тезистері.  
1.  Әлеуметтік  философияның  пәні.  Қоғам  философиялық  ұғым  ретінде. 
«Әлеуметтік  философия»  терминін  айналымға  қашан  және  кім  енгізгені 
туралы  дөп  басып,  дәл  жауап  беру  қиын.  Біздің  ойымызша  оның 
философияға  енуі  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  –  соңғы  ширегінде  іске 
асуы  мүмкін.  Бұл  мәселенің  шешімі  әлеуметтік  философия  немен 
айналысатынын,  пәндік  ерекшеліктерін,  оның  философиядағы  орны  мен 
негізгі  функцияларын  талдауға  онша  ықпалын  тигізе  қоймайды.  Бұл  сала 
қоғамдық  өмірдің  мәні  және  іргелі  заңдылықтарымен,  социум  болмысының 
логикасымен,  қоғам  мен  тұлғаның  өзара  байланысы  және  өзара 
қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы 
философиялық  пайымдар  принциптері  және  логикасы,  заңдылықтары, 
ерекшеліктерімен  байланысты  болды.  Осы  сала әлеуметтік  философия деп 
атала бастады. 
Әлеуметтік  философияға  ерекше  анықтама  берген  орыс  ойшылы  С.Л. 
Франктың пайымдауына тоқталайық. 
1929  жылы  ол  өзінің  негізгі  шығармаларының  бірі   —  «Қоғамның  рухани 
негіздері»  атты  кітабын  жариялады.  Ол  бұл  еңбегінде  әлеуметтік 
философияға мынадай анықтама береді: “   әлеуметтік философия мәселесі – 
бұл  қоғам  деген  не,  ол  адам  өмірінде  қандай  мағынаға  ие  болады,  оның 
шынайы  мәні  неде  және  ол  бізге  қандай  міндет  жүктейді  деген  сұрақтарға 
жауап береді”. 
С.Л  Франктың  әлеуметтік  философияға  қатысты  негізгі  ойлары 
мынадай сұрақтарға жауап беру төңірегінде: 
Қоғамдық өмір деген не? 
Адам  өмірінде  қоғамдық  өмір  қандай  орын  алады  және  оның  шынайы 
мақсаты неде? 
Адам  өзінің  қоғамдық  болмысы   формасын  құра  отырып  неге 
ұмтылады және неге жетуі мүмкін? 
Адамның  қоғамдық  өмірі  әлемдік,  ғарыштық  болмыста  қандай  орын 
алады?  Қоғамдық  өмір  болмыстың  қай  саласына  жатады  және  оның  нағыз 
мәні неде? 
Қоғамдық  өмірдің  жалпы  өмір  негізін  құрайтын  абсолюттік  бастаулар 
мен құндылықтарға қатынасы қандай? 
Оның айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі 
негіздерін”  зерттеумен   айналысатын  философиялық  таным.  “Әлеуметтік 
философия  қоғамдық  шындықты  оның  нағыз,  барлығын  қамтитын  құрамы 
мен 
нақтылығында 
көруге 
ұмтылу 
болып 
табылады”. 
Мұнан 
шығатыны: әлеуметтік  философия  адамның  қоғамдық  өмірінің  барлық 
“әлемдерінің” –  тарих,  мәдениет,  дін,  саясат,  құқық,  экономика  және  т.б. 
әлемдерінің  түпкі, онтологиялық  негіздерін  зерттейтін  философиялық  ілім 
саласы. 
Бұдан әлеуметтік философияны әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді 
танудың  теориялық-методологиялық  мәселелері,  заңдылықтары,  социум 
болмысының  логикасы  қызықтыратыны  туралы  тұжырымдаманы  қосайық. 


Және  ақырында,  С.Л.Франктың  анықтауынша,  әлеуметтік  философияның 
зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен 
қатынасы  және  қоғамдық  өмірдің  құндылық  қырларының  жалпы  өмірдің 
фундаментальды 
құндылықтарына 
қатынасы.  Осылайша,  “әлеуметтік 
философияның” көпқырлы, көпөлшемді “түпкілікті формуласын” тауып және 
тегі  жағынан  тарихи,  табиғаты  жағынан  философиялық  болып  табылатын 
әлеуметтанумен, 
мәдениеттанумен 
салыстырғанда 
оның 
немен 
айналысатынын біле аламыз. 
Бұл  формуладан  шығатыны  —  әлеуметтік  философия  функцияларын 
тек  философиялық  жүйеде  ғана  емес,  бүкіл  әлеуметтік-гуманитарлық  білім 
жүйесінде  де  жеткілікті  түрде  айқын  жеткізуге  болатындығы.  Ең  алдымен, 
әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторларымен 
толық 
келісе 
отырып, 
оның дүниетанымдық қызмет 
атқаратынын 
тиянақтауға  болады,  өйткені  ол  “әлеуметтік  әлемді”  бейнелеп  қана  қоймай, 
оның  саналы  бейнесі  ретінде  “оны  жаратады  да”.  Әлеуметтік  философия 
әлеуметтік  әлемнің  тек  картинасы,  бейнесі  ғана  емес.  Ол  сонымен  қатар, 
әлеуметтік  идеалдар  мен  құндылықтарды  нақты  шындықпен  салыстыра 
отырып,  оның  нақты  өмірмен  байланысын  анықтай  отырып,  осы  әлемді 
жаратады да. 
Екіншіден  атқаратыны  – методологиялық  функция.  Әлеуметтік 
философия  мұны  пәндік  және  теориялық  форма  ретінде  қызмет  ете  отырып 
және  әлеуметтік  құбылыстарды  тануда  методологиялық  бағдарлар  мен 
жалпы  философиялық  принциптерді  пайдаланудың  үлгісі  бола  отырып 
жүзеге  асырады.  Олардың  қатарында диалектика  принципі мен синергетика 
принципі жатады. 
Әлеуметтік 
философия 
әлеуметтік-гуманитарлық 
білімдерді пәндік тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегі 
ретінде көрінеді. 
Әлеуметтік  философияның  үшінші  функциясы  оның танымдық, 
эвристикалық қызметі  болып  табылады.  Ол  танымдық  мәдениеттің  элементі 
ретінде  шындықты  тек  бейнелеп  қана  қоймай,  қоғамдық  өмірдің 
заңдылықтары  мен  принциптерін  қалыптастыра  отырып,  бір  нәрсені  ашуға 
қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады. 
Төртіншіден,  әлеуметтік  философия  әлеуметтік  болмыстың  құндылық 
негіздерін  пайымдай  отырып, аксиологиялық қызметті  атқарады.  Оның 
ішінде  белгілі  бір  дәрежеде тәрбиелеуші функция  да  кіреді:  әлеуметтік 
функция,  біріншіден,  танымның,  гуманитарлық  ойлаудың  белгілі  бір 
мәдениетін  тәрбиелейді;  екіншіден,  адамдардың  және  бүтіндей  қоғамның 
белгілі бір құндылық бағдарларын тәрбиелейді. 
Бесіншіден,  әлеуметтік  философия  кейбір  философиялық  концепциялардағы 
әлеуметтік  болжау  сәтсіз  және  ғылыми  негізі  жоқ  деп  жарияланғанына 
қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады. 
Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқада 
қоғамдық  ғылымдар  үшін  күрделі  мәселе  болып  табылады.  Коғам  мағналы 
ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының 
әлеуметтік  тәсілі,  адамдардың  бір-бірімен  өзара  әрекеттесуінің  жемісі,  адам 


шығармашылығының  нәтижесі  ретінде  қарастырады.  Философия  үшін 
қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды. 
Қоғамға  деген  көзқарастардың  тарихи  эволюциясы  нарутиализм, 
идеализм,  материализм  деген  сияқты  теориялық  үлгілерде  көрініс  береді. 
Қоғам 
мәнін 
дұрыс 
түсіну 
үшін 
«материалдық», 
«руханилық», 
«практикалық»   ұғымдарының  ара  қатынасы  ең  маңызды  болып  табылады. 
Қоғамдық  дамудың  негізінде  қоғамның  жүйелілігін  құрайтын  қоғамдық 
қатынастар  жатыр,  өйткені  мұнда  қызметтің  экономикалық,  саяси  және  т.б. 
формалары көрініс береді. 
Қоғамның  дамуы  революциялық  немесе  эволюциялық  сипатқа  ие. 
Философия  қоғамның  дамуын  әлемдік  тарихтың  бірлігімен  алуан  түрлі 
принципі  арқылы  қарастырылады,  өйткені  мұнда  жалпылықпен  жекеліктің 
бір-бірімен  өзара  байланысының  жалпы  диалектикалық  заңы  көрініс  береді. 
Қоғамдық  дамудың  басты  мәселесіне  қоғамдық  прогресс  ұғымы  мен  оның 
өлшемдері жатады. 
Қоғам  дамитын  жүйе  ретінде  өзінің  қозғаушы  болады.  Тарихи 
процестің субъектісі және қозғаушы күші әр түрлі философиялық бағыттарда 
қоғамды  рухани  және  материалдық  тұрғыдан  негіздеуде  көрініс  береді. 
Қоғам дегеніміз мүдделері, құндылықтары және мақсаттары әр түрлі адамдар 
қауымдастығымен  әр  түрлі  әлеуметтік  топтардың  жиынтығы  болып 
табылады.    Осыған  орай  тарихи  процесс  күрделі  және  ықтималды  сипатқа 
ие.  Сондықтан  тарихтағы  жекелеген  тұлғалардың,  сонымен  бірге  әлеуметтік 
топтардың ролін зерттеу өте маңызды. Осы диалетиканың арқасында тарихи 
процесс стихиялық пен саналылықтың бірлігінде жүреді. 
Әлеуметтік  философия  бүгінгі  күні  де  сөздер  мен  пікірлер 
шырмауынынан  шығып,  адамның  қоғамдық  және  индивидуалдық  өмірінің 
мағынасы  мен  мақсаты,  ерекшеліктері,  принциптері,  мәні  туралы  қандай  да 
бір  нағыз  сөзге  ұмтылуда.  Бұл  тұрғыда  ол  адамның  өзіне  өз  санасы  көмегі 
арқылы  ие  болу  формасы  ретінде,  өзін  «жинақтауға»  деген  саналы  рухани 
жігер ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап 
іздеу  негізін құрайтындай  кейбір  сүйеніш  болар  теориялық-методологиялық 
конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді және табады. 
  
Адамның  барлық  объективті  мүмкіндіктері  (дүниені  тану,  түсіну, 
ұғыну  т.б.)  және  одан  қисынды  туындайтын  шығармашылық,  жасампаздық 
іс-әрекеттері  нақты  тарихи  дәуірде,  қолайлы  жағдайларда  ғана  іске 
асырылады.  Адамның  басқа  адамсыз  күні  жоқ,  о  бастан-ақ  ол  өз  болмысын 
басқаларсыз қарастырмаған. 
Адамның дүниеге қарым-қатынасының мәнін ашу негізгі міндеті болып 
табылатын  философия  қоғамды  жан-жақты  зерттеп,  оның  түпкі 
заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған. 
Философияның  қоғамды  ерекше  құбылыс  ретінде  қарастырып,  оның  мәнін 
ашатын  бөлімі  -  әлеуметтік  философия  деп  аталады.  Ол  қоғамды  біртұтас 
динамикалық  жүйе  ретінде  ала  отырып,  оның  негізгі  және  қозғаушы 
күштерін  анықтап,  өмір  сүруі  мен  дамуының  тетіктерін  айқындайды. 
Әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді. 


ХІХ  ғасыр  философиясында  әлеуметтік  философия  онтологияны, 
гносеологияны,  философиялық  антропологияны,  этиканы  толықтырып 
отыратын  қосалқы  пән  ретінде  дамыған.  Дүрбелеңге  толы  XX  ғасырда 
әлеуметтік  философияның  қоғамдық  маңызы  аса  түскенін  атап  айтуымыз 
қажет. 
Әлеуметтік 
философия 
дегеніміз-қоғамдық 
дамудың 
жалпы 
заңдылықтарын  түсіндіретін  теория.  Ол  социологиямен  тығыз  байланысты. 
Егер  әлеуметтік  философия  қоғам  туралы  білімдердің  жоғары  дәрежедегі 
жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің 
орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы 
жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы 
социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы. 
Әлеуметтік  философия  мен  социология  бірін-бірі  толықтырады.  Ғылыми 
білімнің  тарих,  археология,  этнография,  саясаттану  сияқты  салаларымен 
біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. 
Дегенмен‚  қоғамды  философиялық  зерттеудің  өзіндік  ерекшеліктері 
бар.  Өйткені,  тарихты  санасы  бар  адам жасайды.  Сондықтан  қоғамдық өмір 
әртүрлі,  шым-шытырық,  тіпті  шатасылған,  онда  күтпегендік  жиі  болып 
тұрады.  Ол  әртүрлі  көріністерге  өте  бай,  оның  көріністерінің  терең 
қабаттарына  бойлай  отырып,  ондағы  заңдылықтарды  анықтау  оңай  жұмыс 
емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе 
алмайды.  Бұл  жерде  көптеген  фактілерді  жинақтап,  талдап,  түсіндіретін 
ақыл-ойдың  ғаламат  күші  мен  біліктілігі  қажет.  Әлеуметтік  философияда 
әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, 
олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек. 
  
Әлеуметтік  философияның  пәні.  Қоғам  философиялық  ұғым  ретінде. 
Қоғамның  философиялық  тұжырымдамалары,  оның  дүниетанымдық 
жоспардағы  өмір  сүру  және  даму  сипаты  философияның  әлеуметтік 
шындыққа қатысты іргелі сұрағының бір немесе басқа шешіміне негізделген. 
Осыған  байланысты  әдетте  екі  негізгі  ұғым  бөлінеді:  идеалистік  және 
материалистік. 
Қоғамдық  өмір  туралы  көзқарастарда  қоғам  тарихы  бұрыннан  бері 
үстемдік етіп келеді және ол идеалистік ұғым болып қала береді.  Идеалистік 
тұжырымдама  рухани  принцип  қоғамда  шешуші  рөл  атқарады  деген 
тұжырымнан туындайды. Мұндай бастама Құдай, Әлемдік ақыл, т.б. немесе 
адамдардың  санасы  деп  саналды.  Осылайша,  объективті  идеалист  Гегель 
бүкіл  тарих  тек  абсолютті  идеяның сыртқы  көрінісі  деп  санайды; абсолютті 
идеяның  қоғамдағы  көрінісінің  ең  жоғары  формасы  -  Пруссия  монархиясы. 
Басқа  жағдайда  біз  «пікірлер  әлемді  басқарады»  деген  тезисті  кездестіреміз. 
Француз ағарту қозғалысының қайраткерлері қоғамдағы өзгерістердің басты 
негізі мен себебі идеялар, пікірлер күресі екендігіне сүйене отырып, қоғамды 
прогрессивті  бағытта  өзгерту  үшін  адамдарға  ағартушылық,  ізгілік,  ақиқат, 
әділеттілік  және  т.б.  идеяларын  олардың  саналарына  енгізу  керек  деп 
тұжырымдады.  19  ғасырдың  позитивистері  идеялар  әлемді  қалай 
басқаратыны туралы әңгімелесті. 


Қоғамды  идеалистік  түсінудің  белгілі  бір  негіздері  бар.  Адамдардың 
барлық  іс-әрекеттері,  іс-әрекеттері  сананың  қатысуымен  болатындығы 
даусыз  факт.  Адамзат  өмір  сүруінің  басында  сана  қатерлердің  практикалық 
өміріне  «тоқылған»  болды.  Содан  кейін  маңызды  тарихи  факт  психикалық 
еңбектің физикалықтан бөлінуі болды. Ақыл-ой еңбегін салыстырмалы түрде 
тәуелсіз қызмет саласына бөлу сана, идеялар қоғамның материалдық өміріне 
тәуелді  емес,  толығымен  дербес  дамитын  елес  тудыруға  мүмкіндік  береді. 
Ақыл-ой  еңбегінің  физикалық  еңбектен  бөлінуімен  қоғамның  билеуші 
топтары  ақыл-ой  еңбегін,  физикалық  еңбекпен  айналысатын  бұқараны 
монополиялады.  Ал  билеуші  таптар  өндіріс  пен  алмасуды  басқарады, 
мемлекетті бақылауға алады, саясат, заң, идеология және т.б. 
Қоғамды  материалистік  түсінудің  бірінші  нұсқасын  әлеуметтанудағы 
географиялық бағыт деп қарастыруға болады («географиялық детерминизм»), 
онда  әлеуметтік  өмірдің  ерекшелігі  мен  тарихы  географиялық  ортаға 
байланысты  анықталады.  Бұл  келесі  бөлімде  толығырақ  қарастырылады. 
Антика  Ежелгі  Греция  мен  Ежелгі  Рим  тарихындағы  оқиғаларды  қамтитын 
дәуір  деп  аталады.  Грек-рим  мәдениеті  еркін  азаматтық  қоғам  феноменімен 
сипатталады. Еркін азаматтық қоғам - бұл коммерциялық мемлекет, ол жерде 
коммерциялық-мемлекеттік  олигархия  болды.  Республика,  біріншіден, 
заңмен,  екіншіден,  ақылға  қонымды  ұжымдық  шешіммен  басқарылды. 
Мұндай  басқару  моделі  адамдардан  философияны,  мәдениетті  және 
ғылымды  ойлануды  талап  етті,  тұтастай  дамыған.  Греция  біріккен  жоқ,  ол 
көптеген  қала-мемлекеттер  -  бір-бірімен  бәсекелесетін  саясатты  білдірді. 
Оның  үстіне  гректер  мәдениеті  әр  түрлі  саясатта  ерекшеленбеді.  Сонымен, 
жоғары  құндылықтар  мыналар  болды:  демократия,  жеке  бас  бостандығы, 
сұлулық,  үйлесімділік,  антропоморфизм  («адам  -  бұл  барлық  нәрсенің 
өлшемі»).  Адам  еркін  адам  болды,  дербес  ақылға  ие  болды.  Гректер  ерекше 
діни жүйені жасады. Грек діні барлық күнделікті өмірге енсе де, онда заңмен 
бекітілген  қатаң  белгіленген  ғибадат  жүйесі  болмаған  (Римнен 
айырмашылығы,  онда  тіпті  құдайларға  үндеу  қатаң  реттелген).  Грек 
құдайлары  антропоморфты  болды  -  олар  адамдар  сияқты  сезімдер  мен 
құмарлықтарға 
ие 
болды.Рим 
мемлекетінің 
басты 
ерекшелігі 

демократиялық  басқару  формасын  құру  және  кішігірім  қаланы  үлкен 
державаның  астанасына  айналдырған  дерлік  соғыс  болды.Ерте  Рим 
империясында  үлкен  біртұтас  мемлекет  арасында  қайшылықтар  болды. 
Римдік  қоғам  біртіндеп  космополитке  айналды  -  қалаларда  Еуропа,  Азия, 
Африка өкілдері өмір сүрді. 
Қайта  өрлеу  XV  -  XVIII  ғғ.  -  феодализм  дағдарысының  және 
буржуазиялық  қатынастардың  пайда  болуының  алғашқы  кезеңі.  «Жаңғыру» 
термині  осы  уақыттың  жетекші  қайраткерлерінің  ежелгі  құндылықтар  мен 
мұраттарды  жаңғыртуға  деген  ұмтылысын  білдіру  үшін  қолданылады. 
Алайда,  бұл  мағынада  «Ренессанс»  терминін  өте  шартты  түрде  түсіндіру 
керек.  Шын  мәнінде  қайта  туу  ескісін  қалпына  келтіруді  емес,  жаңасын 
іздеуді  білдіреді.  Тарихта  артқа  бұрылу,  кез  келген  өткен  дәуірге  оралу 
мүмкін емес. Тәжірибе, жинақталған тәжірибе және мәдени әлеует жойылып 


кетпейді.  Бұл  әлі  де  өз  әсерін  тигізеді,  өйткені  дәл  осы  астана  -  бұл 
экономикалық  және  мәдени  орта,  оны  жеңуге  бағытталған  адамдар  әрекет 
етуі  керек.  Мұндай  капитал,  ойшылдар  мен  Ренессанс  қайраткерлері  үшін 
мұра - орта ғасырлар. Қайта өрлеу дәуірі христиан дініне қайшы келеді, бірақ 
ол  ортағасырлық  мәдениеттің  дамуының  нәтижесінде  пайда  болды, 
сондықтан оның көптеген белгілерінің ізін қалдырады. Ренессанс объективті 
түрде  өтпелі  дәуір  ретінде  сипатталуы  керек,  өйткені  ол  әлеуметтік 
қатынастар  жүйесіне  және  жаңа  дәуір  мәдениетіне  көпір  болып  табылады. 
Дәл осы дәуірде буржуазиялық әлеуметтік қатынастардың негізі қаланды, ең 
алдымен  экономикалық  салада  ғылым  дамыды,  шіркеу  мен  мемлекет 
арасындағы  қатынастар  өзгерді,  зайырлылық  пен  гуманизм  идеологиясы 
қалыптасты. 
Идеологиялық  Қайта  өрлеу  дәуірінің  маңызды  ерекшелігі  -  адамға 
бағдарлау. Егер ежелгі философияның негізгі бағыты табиғи-ғарыштық өмір 
болса, ал орта ғасырларда - діни өмір - «құтқару» мәселесі болса, онда Қайта 
өрлеу  дәуірінде  зайырлы  өмір  бірінші  орынға  шығады,  осы  дүниедегі 
адамдардың  әрекеті,  осы  әлем  үшін,  адам  бақыты  үшін.  бұл  өмірде. 
Философия адамды өмірден өз орнын табуға көмектесуге міндетті ғылым деп 
түсінеді. 
Бұл  кезеңнің  философиялық  ойлауын  антропоцентристік  деп 
сипаттауға  болады.Ол  орталық  тұлға  -  құдай  емес,  адам.  Құдай  барлық 
нәрсенің  бастауы,  ал  адам  бүкіл  әлемнің  орталығы.  Қоғам  Құдайдың  еркі 
емес,  адамның  іс-әрекетінің  нәтижесі.  Адам  өзінің  іс-әрекеті  мен 
жоспарларымен ештеңемен шектелмейді, ол бәрін басқара алады, бәрін істей 
алады.  Қайта  өрлеу  дәуірі  адамның  өзін-өзі  тануының  жаңа  деңгейімен 
сипатталады: мақтаныш пен өзін-өзі растау, өзінің күші мен талантын сезіну, 
көңілділік, еркін ойлау сол  кездегі дамыған тұлғаның айрықша қасиеттеріне 
айналды.  Сондықтан,  әлемдегі  Қайта  өрлеу  дәуірінде  дәл  осындай  жарқын 
темпераменті,  жан-жақты  білімі  бар,  адамдар  арасында  өздерінің  ерік-
жігерімен, жігерімен, орасан зор қуатымен ерекшеленетін тұлғалардың қайта 
өрлеу дәуірі болып табылады. Бұл дүниетанымдағы адам еркін тіршілік иесі, 
өзін және айналасындағы әлемді жасаушы ретінде түсіндіріледі. Қайта өрлеу 
дәуірінің  ойшылдары,  әрине,  атеист  немесе  материалист  болу  менікі  емес. 
Олар  Құдайға  сенді,  оны  әлем  мен  адамның  жаратушысы  ретінде  таныды. 
Құдай әлемді және адамды жаратқаннан кейін, олардың ойынша, адамға ерік 
бостандығын берді, ал енді адам өздігінен әрекет етіп, өзінің бүкіл тағдырын 
анықтап,  әлемдегі  өз  орнын  табуы  керек.  Осы  дәуірдің  философиясында 
адамның  күнәкар  болмысының  мотивтері,  «табиғатының  бұзылуы» 
айтарлықтай  әлсіреді.Ең  басты  назар  Құдайдың  көмегіне  -  «рақымға»  емес, 
адамның күшті күштеріне негізделген.Оптимизм, сенім және адамның шексіз 
мүмкіндіктері осы дәуірдің философиясына тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет