1 тақырып. Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия элементтері


ҚабдықайырҚ.Жоғары математика,208-223 бет.,243-296 бет



бет3/6
Дата20.05.2023
өлшемі101 Kb.
#95505
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
ҚабдықайырҚ.Жоғары математика,208-223 бет.,243-296 бет.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Қандай сандар нақты сандар жиынын құрайды? Сандар өсіндегі қандай нүктелер рационал, қандай нүктелер иррационал сандардың бейнесі болады?
2.Айнымалы шама дегеніміз не? Қандай шама тұрақты деп аталады?
3.Сандар өсіндегі қандай нүктелер жиыны аралық, интервал, сегмент, жартылай интервал немесе жарты сегмент деп аталады, олар қалай белгіленеді?
4.Нақты сандар жиынының үзіліссіздік қасиеті қандай теорема арқылы беріледі?
5.Сандар тізбегінің және оның шегінің анықтамасын айт. Шекке көшу ережелерін ата.
6.Ақырсыз аз және ақырсыз үлкен шамалардың анықтамасын бер. Олардың арасында қандай байланыс бар? Қасиеттерін ата.
7.Қандай ақырсыз аз шама бір ретті, қандай ақырсыз аз шама эквивалентті деп айтылады? Қандай жағдайда бір ақырсыз шама екінші ақырсыз шамамен салыстырғанда жоғарғы (тµменгі) ретті деп аталады?
8.Бірінші тамаша шекті жаз. Дәлелде.
9. Қандай тізбектер өспелі, кемімейтын, кемімелі, өспейтын деп аталады? Мысалдар келтір.
10.Қандай тізбектер бірсарынды деп аталады?
11.Бірсарынды тізбек шегінің бар болу белгілерін ата.
12.Екінші тамаша шекті жаз. санының бар болатынын дәлелде, жуық мәнін тап.
13.Бір айнымалыдан тәуелді функцияның анықтамасын айт.
14.Функцияның анықталу облысы, өзгеру облысы дегеніміз не?
15.Функцияның берілген нүктедегі шегі деп нені айтады?
16.Бірінші тамаша шек деген не? Ол қандай анықталмағандықты шешеді?
18.Екінші тамаша шек деген не? Ол қандай анықталмағандықты шешеді?
19.Қосындының, көбейтіндінің және бөліндінің шектері туралы теоремаларды айт.
20.Біржақты шектердің анықтамаларын айт
21.Функцияның берілген нүктедегі үзіліссіздік белгісін айт.
22.Үзіліс нүктелерінің белгісін және түрлерін айт.



3 тақырып.Бір айнымалы функцияның дифференциалдық қисабы және оны функцияны зерттеуде қолдану.
Функцияның туындысы, оның геометриялық және физикалық мағыналары.Дифференциалдау ережесі. Қосындының, көбейтіндінің және бөліндінің туындылары. Элементар функциялардың туындыларының кестесі. Күрделі функцияның туындысы. Кері функцияның туындысы. Кері тригонометриялық функциялардың туындылары. Параметрлік түрде берілген функция және оның туындысы. Гиперболалық функциялар, оның қасиеттері мен графиктері. Гиперболалық функциялардың туындылары. Функцияның дифференциалдануы. Функцияның дифференциалы. Дифференциал мен туынды арасындағы байланыс. Дифференциалдың геометриялық мағынасы. Қосындының,көбейтіндінің,бөліндінің дифференциалы. Дифференциалды жуықтап есептеуде қолдану. Жоғарғы ретті туындылар мен дифференциалдар. Лейбниц формуласы. Ферма, Ролль, Лагранж теоремалары, оларды қолдану. Лопиталь ережесі. Функцияның өсу,кему шарттары. Экстремум нүктесі. Экстремумның қажетті шарты. Экстремум бар болуының жеткілікті шарты.Кесіндіде үзіліссіз функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу. Жоғарғы ретті туындының көмегімен функцияны экстремумға зерттеу. Функцияны дөңестікке, ойыстыққа зерттеу. Иілу нүктесі. Қисықтың асимптоталары. Функцияны толық зерттеудің жалпы жоспары және оның графигін салу. ҚабдықайырҚ.Жоғары математика,208-223 бет.,297-360 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет