1.Лейшмания
(Leishтапіа)
а. дерматропты
б. висцеротропты
Лейшманиоз
Тері
Ішкі мүшелерде
Трансмиссивтік
2.Трипаносома
Трипаносомоз
Қанда
Трансмиссивтік
3.Трихомонада
(Trichomonas)
Трихомониаз
Несеп – жыныс жүйесінде
Жыныстық
4. Лямблия
Лямблиоз
Ішекте
Ауыз – нәжістік
Споровиктер класы Sporozoa
1. Плазмодия
(Plasmodium)
Безгек
Қанда
Трансмиссивтік
2. Токсоплазма
Токсоплазмоз
Тінде, несеп – жыныс жүйесінде
Вертикалдық
3. Саркоциста
Саркоцистоз
Тінде
4. Кокцидия
Кокцидиоз
Ішекте
5. Пневмоциста
пневмоцистоз
Тінде
Аэрогендік
Инфузориялар классы Infuzoria
1. Балантидия
Балантидиаз
Ішекте
Ауыз – нәжістік
Талшықтылар класы — Flagellata
Бұл класқа 6-8 мыңға жуық түрлер жатады, олардың көпшілігі адам паразиттері болып табылады.
Талшықтылардың денесі кішкентай, сопақша, домалақ не жіпше тәрізді, пішіні тұрақты. Олардың дене пішінін сақтауға пелликула жәрдемдеседі. Пелликула дегеніміз – көптеген қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа, иілгіш қорғаныш қабат.
Қозғалу органоиды – талшықтар және.желпуші жарғақша. Талшықтар - дененің алдыңғы жағында орналасқан цитоплазманың ұзын және жіңішке өскіншесі болып саналады. Талшық цилиндр пішінді базальдық денешіктен немесе кинетосомадан тұрады. Кейбір талшықтылардың (лейшмания, трипоносома) талшығының түбінде ерекше органоид - кинетопласт кездеседі, ал кейбіреулерінің талшығы денесін ұзына бойына бойлап, сыртқа шығып тұрады. Цитоплазма онымен жұқа өскінше арқылы жалғанып желпуші жарғақша - (ундилденуші жарғақша) түзеді. Талшықтыларда жасушаның ішіне енетін тығыз салмақ түрінде аксостиль – тірек органелласы бар.
Қоректенуі: гетеротрофты, кейбіреулері автотрофты немесе миксотрофты. Паразит нысаны қоректі денесінің бүкіл бетімен пиноцитоз аркылы сіңіреді; гетеротрофтылардың ас қорыту вакуольдері болады. Бөліп шығару органоиды - жиырылғыш вакуольдері еркін өмір сүретін формаларында ғана кездеседі, ал паразит формалары болмайды. Талшықтыларда негізінен бір кейде екі ядро кездесуі мүмкін.
Көбеюі: жыныссыз, кейде жынысты жолдармен жүреді.
Өкілдері: лейшманиялар, лямблиялар, трипаносомалар, трихомонадалар.
Алғашқы монадалылар отряды. Лейшмания туысы —Leishтапіа. Лейшмания трипоносомалылар тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалары бар:
1. Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшық денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жаксы жетілген.
2. Критидиалдық формасының талшығы денесінің ортасынан, ядродан ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді.
3. Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған.
4. Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасынын денесі домалақ, ядросы ірі, талшык мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі ғана болады.
5. Метациклдік формасы критидиалдық формаға ұқсас, бірақ талшықтың еркін болігі дамымаған.
Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялык.
Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.
Лейшманиялар екі түрге бөлінеді:
1.дерматотропты (теріні закымдайды)
2.висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды)
Висцералді лейшманиозды қоздырушы — Leishmаnіа donovai. Ол бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі жасушаларында, лимфа түйінінде, тері астындағы ретикулоэндөтелиалды жасушаларда кездеседі.
Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.
Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер, шиебөрілер) саналынады. Таратушылары болып ұсақ қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа аркылы таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялык формаға айналады да көбейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100—200-ге дейін жетуі мүмкін. Олар жасушаны бұзып жаңа жасушаларға өтіп өтырады.
Патогендік әсері. Көкбауыр және бауыр мөлшері үлкейіп өседі. Ағзада қаназдылық, әлсіздену, жүдеу процестері байқалады. Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады.
Лабораториялық анықтау — төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады.
Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с.
Тері лейшманиозын қоздырушы — Leishmаnіа trоріса
Лейшманияның дерматотропты түрінің 3 түрлі тармағы белгілі: L. tгоріса mіnог; L. tгоріса majог (Жер шарының шығысында) және L.tгоріса mехісапа (Жер шарының батысында). Олар тері жасушаларында кездеседі.
Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.
Висцералды лейшманиозға ұқсас. Жұғу көзі болып адам және жабайы жануарлар (ұсақ кемірушілер) саналынады. Таратушылары болып шіркейлер есептелінеді.
Ағзаның ашық жерлерінде ұзақ жазылмайтын жаралар пайда болады. Жара жазылғаннан кейін оның орнында тыртық із қалады.
Лабораториялық анықтау - жара бетіндегі ылғалды микроскопиялық зерттеу арқылы жүргізіледі. Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.