1. Талшықтылар класының жалпы сипаттамасы. Трипаносомалар. Түрлері. Құрылысы. Тіршілік циклы



бет3/4
Дата06.10.2022
өлшемі26,12 Kb.
#41618
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5 3

Көпталшықтылар отряды - Роlуmastagіnа
Ішек трихомонадасы (Trichomonas hominis) – ішек трихомонозының қоздырғышы. Тоқ ішектерде орналасады. Барлық жерлерде таралған. Өлшемі 5- 15 мкм, сопақ пішінді, көпіршік тәріздес бір ядросы, 3-4 талшығы және ундулярлы мембранасы бар.
Урогениталды (қынап) трихомонада –Trichomonas vaginalis. Урогениталды трихомонадоз ауруын қоздырушы паразит, ол әйелдер мен ер адамдардың зәр шығару және жыныс жолдарында кездеседі. Ол барлық жерлерде таралған. Бұлар ішек трихомонадасына ұқсас, бірақ ірілеу болып келеді, өлшемі 7—30 мкм. Дене пішіні алмұрт тәрізді; 4 талшығы болады, оның бірі денесінің артына қарай бағытталған.
Олар жыныс-несеп жолдарының қабырғасына бекініп механикалық әсер етеді. Бұл ауруды жыныс-несеп жолдарының бөлінділерін микроскоппен зерттеу арқылы анықтайды. Жеке шаралар - гигиеналык шарттарды сақтау болып табылады.
Трихомониаз – қоздырушысы іншек трихоманадасы Trichomonasvaginalis бактериясы болатын ауру. Бұл инфекция жыныстық жолмен беріледі.
Себептері Көбінесе, жұқпалану науқас адаммен немесе инфекцияны жұқтырған адаммен жыныстық қатынаста орын алады. Жұғуына себеп болуы мүмкін:
Қорғаныссыз жыныстық қатынас; ·Жыныстық серіктестердің көп болуы; Венерологиялық аурулардың емделмеуі немесе бұрын болуы; · Жыныстық серіктестерді таңдамау; Іншек трихомонадасы жалған аяқшаларымен белсенді қозғалуға қабілетті. Несеп шығару жолдарына немесе жыныстық ағзаларға түсіп, трихомонадалар жасушаларға аяқшаларымен тез бекиді. Одан кейін микроорганизмдер қарқынды көбейе бастайды. Олар тым көбейіп кетсе, адамның жасушаларын зақымдай бастайды. Трихомониаз ойықжара түзілуін туындатады, бұл вирустардың жұғу қаупін арттырады, мысалы, В және С гепатитін. Бұл жыныстық жолмен таралатын кең таралған жұқпалар. Әйелдерде трихомонадалар жатыр мойнында, іншекте, қуықта, несеп шығару жолында анықталады. Ерлерде трихомонадалар несеп шығару жолында, қуық асты безінде ,аталық бездің қосалқысы мен шәуетте анықталады. Симптомдары: Әйелдерде: Симптомдары жұқпаланудан кейін 28-ші күнге қарай көрініс береді. Жыныстық қатынас кезіндегі жайсыздық · Бөксенің ішкі бетіндегі қышу. Іншектен бөлінді шығуы (аздаған, жасыл-сары, көпіршікті). Іншек қышуы (жыныс жолдарының қышуы). Клитордың ісінуі · Жыныстық жолдардан жағымсыз иіс шығуы. Ерлерде: Несеп шығарудан немесе шәует шашудан кейін күйдіру сезімі, Үрпінің қышуы (несеп шығару жолы), несеп шығару жолынан аздаған бөлінді шығуы. Диагностика: Трихомониазды анықтау үшін іншектен (әйелдерде) несеп шығару жолдарынан, қуық асты безінің сөлінен (ерлерде) жұғынды алып, микроскоппен қарайды. Жалпы жұғынды нәтижесі зерттеудің дәл әдістерімен расталады. Әйелдерге қарағанда ерлерде ауруды анықтау қиынырақ. Емдеу: Әдетте, емдеу үшін метронидазол және басқа антибиотиктер қолданылдады. Дәрі ішу кезінде жыныстық қатынасқа түспеу және алкоголь ішпеу қажет. Қос жыныстық серіктес те емделуі тиіс, аурудың симптомдары біреуінде болмаса да. Аурудың болжамы Дұрыс емдеуде ауру толығымен жазылады. Мүмкін асқынулары Аурудың мүмкін асқынулары - жатыр мойнының қатерлі ісігі, бедеулік, АИТВ (ВИЧ), сондықтан, дереу дәрігерге көріну қажет. Ерлерде кейде трихомониаздың салдарынан простатит (қуық асты безінің қабынуы) дамуы мүмкін.


Лямблия - Lamblia intestinalis – лямблиоз ауруының қоздырғышы. Паразит вегетативтік түрінде (трофозоит) өмір сүреді. Денесі алмұрт тәріздес, оң және сол бөліктерге бөлінген. Өлшемі 10-18 мкм. Барлық органоидтары мен ядролары жұпты. Ядроларының арасында екі тіректі жіпшелер жатады. Төрт жұп талшықтары бар. Қоректенуі осмостық. Лямблиялар циста түзе алады, олар нәжіспен сыртқа шығып, қоршаған ортаға тарайды.
Трофозоиттар аш ішектің жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.
Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады. Өт жолдарында өттің әсерінен тез өледі. Вегетативтік түрлері нәжіспен бөлінбейді, бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады. Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп, цисталарға айналады. Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі. Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылық пен температураға байланысты 1 айға дейін жақсы сақталады. Құрғақтылық цисталардың жойылуына әкеледі. Адамның залалдануы ластанған қол, ойыншықтар, тағам және су арқылы іске асады. Олар арқылы ішекке түскен цисталар вегетативтік түрлерге айналады, бір циста 2 вегетативтік түр құрайды.
Инфекциялық процестің даму ықтималдығы организмге түскен цисталардың санына, асқазанның қышқылдығына және адамның иммундық статусына байланысты.
Аш ішектің шырышты қабатында паразиттік өмір сүретін лямблиялар ішекті жауып тастайды, ішек қабырғасындағы ас қорыту қимылын бұзады, тамақ ингредиенттерін сіңіруді төмендетеді. Лямблиялар өттің әсеріне өте сезімтал, сондықтан олар өт жолдарына патологиялық процестерді тудыра алмайды.
Аурудың клиникалық көріністері негізінде асқынған энтероколит түрінде (бірақ қанды диарея ретінде емес) байқалады және де жаман иісті сұйық нәжіс,метеоризм, іштің ұстамалы ауруды, құсу, кекіру болады.
Вегетативтік түрдегі лямблияны сұйық, ал цистаны қалыптасқан нәжістен табуға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет