Қаржы саясаты мен қаржы механизмі.
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.
Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты.
Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары Қазақстан Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.
Қаржы саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.
Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді:
Қазақстан жағдайларындагы қаржылық саясаттың мақсаты:
іс-шаралар әзірлеу және оларды индустриялық-инновациялык дамудың;
ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың;
елдің экономикасын әлемдік шаруашылыққа ұтымды біріктіру жолымен сыртқы экономикалық қызметті жандандырудың негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
әлеуметтік бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм аркылы іске асыру болып табылады.
Бұл ретте қаржылық саясат пен қаржылық механизм рыноктық үдерістерде инфляциядан, жұмыссыздықтан, табыстарынан айырылудан халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі кезеңде қаржылық саясаттың көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
қаржылық ресурстарды қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржылық механизмді жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Қаржылық саясатты жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржылық ресурстарды оңтайлы бөлу;
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
қолда бар нақты қаржылық ресурстарды негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
қаржылық резервтерді жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржылық резервтердің асып түсуі).
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы іске асырылады. Қаржылық механизм - экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржылық ресурстарын қалыптастырып пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.
Айрықшалықты бөлгіштік категория ретінде қаржы әр түрлі мақсатты ақшалай қорларды жасау мен пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан бұл үдерісте қолданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болатын қаржылық қатынастар көрінісінің түрлері, нысандары және әдістері. Тап осы ұғымдар - қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары және әдістері - экономикалық өмірде тетік, тиісті үдерістерді басқару механизмі ретінде болады.
Қаржылық механизм:
Мемлекет белгілеген қаржылық шарапарды, атаулы, нақты нәтижелерде - барлық деңгейлер де және қоғамдық-экономикалық сфераларда қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтердің және құндылықтардың барлық толып жатқан элементтері құнының құрамына кіретін қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуында іске асырады.
Ұдайы жаңғыртудың әр алуандылығы және ажырағысыз бөлігі қаржылық механизм болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгілі бір өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын өндірістік үдеріс шаруашылық механизммен іс-қимылда нақтылы түрде көрсетілетін экономикалық саясатпен реттегенде тұйық айналма заңдылық байқалады; шаруашылық механизмі өз кезегінде тиісті сандық және сапалық тұлғаланудағы ұдайы өндірістің нақты нәтижелерін жаңғыртуға мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |