Байланысты: Қазан төңкерісі және Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы^
1-тапсырма «Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (НЭП): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері»
ХХ ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық - түлік салғырты);
Егін алқаптарының күрт азаюы; Осы жағдайлардан азық - түлік салғыртының орнына азық - түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 - 16 наурызда өткен партияның Х съезі салғырттан азық - түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП - ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні - салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл - селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясат(ЖЭС) - 1921 ж. наурыз (X съезд) Мақсаты: 1)Әскери коммунизм саясатынан бас тарту 2)Азық салғыртын салықпен ауыстыру 3)Жерді жалға беру және алу 4)Жалдамалы еңбекті колдану 5)Несие және тұтыну кооперациясын дамыту
Атқарылған шаралар, барысы: 1923 ж. Риддер зауыты Одақ бойынша қорғасынның 40%- ын берді. Доссор, Мақат мұнай кәсіпшілігі жұмыс істей бастады. 1924 ж. 1 каңтар - ақшалай салық енгізілді. 1924-1925 ж. республикаға тракторлар әкелінді. 1927 ж. Қарсақбай комбинаты мыс өндірді. Шымкент сантонин (дермене) зауыты салынды
Нәтижесі: 1927 ж. 7 өлкелік жәрмеңке ашылып, сауда айналымы 30 млн сом болды. 1928 ж. егіс көлемі - 4,4 млн га, мал саны- 40,5 млн-ға жетті. Халықтың әл-ауқаты жақсарды. 2-тапсырма «Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.: құжаттар, статистика, ақпарат» 2-тапсырма «Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.: құжаттар, статистика, ақпарат» 2-тапсырма «Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.: құжаттар, статистика, ақпарат» 1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқы үшін аса қиын тарихи оқиғалардың бірі болды. Қазақ жерінде 1918- 1920 жылдары Азамат соғысы болды. Дәл осы соғыс ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізді. Бұрын-соңды болмаған жұт болып, мал қырылды. Қазақ халқы мал арқылы күн көрген халық, ол болмаса қазақтың күні қараңғы. 1921 жылы Республика халқының 1/3 бөлігі, яғни 2 млн 300 мың адам аштыққа ұшырады. Аштық әсіресе Қазақстанның батыс облыстарын қамтыды. 1921 жылы қарашада 1 миллион 508 мың адам ашықса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 миллион 303200 адамға жетті. 1922 жылы Батыс Қазақстан халқының 82%-ы аштыққа ұшырады.Дәл осы кезеңде КСРО Үкіметі салық көлемін арттырып, қой терісі 1050, жылқы терісі-1200, сиыр терісі -250, құлын терісі -100, елтірі 80, бұзау терісі - 20, түйе терісі 5, түйе жүні 15, қой жүні - 250 пұт салық - салынды. Бұл салықтың барлығы Азамат соғысы жылдары салынды, өйткені соғыс кезінде Кеңес Өкіметінің қызыл әскеріне үлкен көлемде азық- түлік қажет болды.1931-1933 жылдары болған аштық жылдарымен салыстырғанда, бұл аштық жылдарында аштықтан қырылған адамдар саны 3- 4 есеге аз болды. Және 1931-1933 жылдары болған аштықты Кеңес Үкіметі халықтың жағдайын біліп тұрып, қолдан ұйымдастырды.Ал 1921-1922 жылдары болған аштық жылдарын КСРО арнайы жоспарлап ұйымдастырған жоқ. Соғыс барысында 1919 жылы Азық- түлік салғырты енгізілген соң, халық жаппай міндетті түрде жұмыс жасауына, сауда жасауға, еңбекшілерді жалға алуға тыйым салынған соң, елде экономикалық дағдарыс орын алды.Менің ойымша, жоғарыдағы басшылар халықтың жағдайын түсініп, алдын- ала бірнеше тиімді шешімдер қабылдағанда, ел ішінде билік үшін талас-тартыс болмай, Азамат соғысы болмағанда бұндай қиын жағдай қазақтың басына келмес еді. Ел экономикасы мен халықтың әл- ауқатын қалпына келтіру мақсатында 1921 жылы Жаңа экономикалық саясат қабылданды. Азық- түлік салғырты, азық-түлік салығына ауысты, еңбек міндеткерлігі жойылды. Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар білдірді. Бұл жағдайды 1931-1933 жылдары болған аштықта Тұрар Рысқұлов пен Бесеудің хатымен салыстыруға болады. Қазақ ұлтының зиялылары үнемі жоғарыдағы билікке халықтың жағдайын шынайы жеткізіп отырды.