Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері мен қиындықтары



бет1/2
Дата01.04.2023
өлшемі23,76 Kb.
#78259
  1   2

14 – билет

  1. Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері мен қиындықтары. Елде азық-түлік, тұтыну заттары сияқты халықтың күнделікті күнкөрісіне қажетті бұйымдар жетіспеді. Осыған байланысты РК (Б)П Х съезінен кейін ендірілген азық-түлік салығын іске асыру біртіндеп жетілдірілді. Бұл бұған дейінгі азық-түлік салғыртына қарағанда әлдеқайда қолайлы еді. Азық-түлік салғырты бойынша шаруалардың күнкөрісінен артылған азық-түлік әскерлер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларға беру үшін ешбір өтеусіз алынды. Ал бұл жағдай щаруалардың наразылығын тудырды. Өйткені олардан азық-түлігі ешбір қайтарусыз және де қатал әдістермен жиналған еді. Осының салдарынан Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы наразылық ошақтары пайда болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда еңбекші халыққа тиімді еді. Осы саясатқа байланысты жерді жалға беру мен алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді. Ауыл шаруашылығы, несие және тұтыну кооперациясын дамыту қолға алынды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немес кооперативтерге жалға берілді. Енді шаруаларға басы артық азық- түліктерін қалаларға апарып сатуына мүмкіндік беріліп, олардың өзара байланысын нығайтуға жол ашылды.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшудің қиыншылықтары да болды. 1924 жылдың жазында еліміздің едәуір бөлігін қуаңшылық жайлады. Жоғарыда атап өткеніміздей, оның алдында қатты жұт болып, кей жерлерде малдың 80%-на дейін қырылуына әкеліп соққан еді. Ашығушылар саны бірте-бірте көбейіп, республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылдың жазында БОАК (Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің) декретімен Орал, Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей губерниялары ашығушылар қатарына жатқызылды. Аштыққа түрлі індеттер қосылды. 1922 жылдың маусым айына қарай Батыс Қазақстанда ашығушылар саны халықтың жалпы санының 82%-на дейін жетті. Сонымен бірге астық мол болған Семей және Ақмола губернияларында орталықтың азық-түлік отряды ауылшаруашылық өнімдерінің 80% дейін күшпен тартып әкеткендіктен бұл өлкенің халқы да аштыққа ұшырады. Еділ бойынан ашыққан халықтың Қазақстанның батыс губерниялары арқылы Түркістанға үздіксіз ағылып келуі, Сібірге қарай үдере көшуі халық санын күрт кемітті.
Азамат соғысы және 1921-1922 жылдардағы қайыршылық пен аштық Кеңес өкіметі органдарынан өлкенің 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөнінде төтенше шаралар қолдануды талап етті. Елді қиыншылықтардан құтқару мақсатында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Декретімен республиканың егін шыққан аудандарының халқы азық-түлік салығынан босатылды. 1922 жылы егіс көлемінің 60%-ға жуық жеріне Кеңес өкіметі берген тұқым себілді. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары ет салығынан босатылды. Қазақ АКСР-іне ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алу үшін 25 млн сом бөлінді. Ашыққандарға кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. Көп ұлтты өлкенің еңбекшілері оларға 2 млн пұттай астық берді. 20 мыңдай ашыққан адамдарды қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет