3 Тапсырма Қоғам және тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады. Қазіргізаманда білім берудің мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс- әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай максат қою тұлғаның іскерлік, білім дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді. Өмірдің мәдени жағын игеруге білім іскерлік дағды өте қажет. Сондықтан да білім ордаларында өнер мен ғылымның негізін оқыту өз мүддесі үшін емес, нағыз әдемілікті танып білуге үйрететін құрал. Адам – қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып калыптасатын динамикалық жүйе. Тұлғаның күштілігі уақыт өзгеруіне байланысты және субъектінің қасиеті адамның (онтогенетикалық) организмінің дамуына сәйкес. Ол іс-әрекет жүйесінде жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда субъектінің дамуы іс-әрекеттің жемісі. Іс-әрекет түрлері (еңбек, ойын, қоғамдық) тұлғаның дұрыс дамып жетілуі үшін жағдай жасау туралы сөз болып отыр. Осыдан барып білім берудің мазмұнын анықтайтын тұлғаның іс-әрекеті болып табылады. В.С.Ледневтың тәжірибесінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы мазмұнын анықтауға болады дейді. В.В.Краевскийдің – педагогикалық теориясында жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру принципі қарастырылған. Ол принцип білім берудің барлық элементтерімен барлық деңгейлерінде қоғамның ғылым, мәдениет және тұлғаның дамуымен сәйкес келеді. Ол – тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті өмір сүруі ушін дәстурлі білім, іскерлік, дағды қоғамның әлеуметтік дамуы деңгейін көрсететін білім беру мазмұнына ендіру қажет дейді.