1-тапсырма. Қызу жұмыс



бет4/5
Дата31.10.2022
өлшемі19,83 Kb.
#46403
1   2   3   4   5
Байланысты:
Пиза тапсырмалары жаңа

Сұрақ 1: Кемпірқосақ
Кемпірқосақ пайда болғанда қандай құбылыс жүреді?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Күлгінге қарағанда қызыл жарық көп сынады Иә / Жоқ
Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі жолағы күлгін Иә / Жоқ
Қызыл жарықтың таралу жылдамдығы ондағы күлгін жарықтың таралу жылдамдығынан артық
Иә / Жоқ
Сұрақ 2: Кемпірқосақ
Ақ жарықтың құрама бөліктерге жіктелгендегі жолақтарды 1666 ж ағылшын физигі Исаак Ньютон тәжірибе жүзінде анықтап, спектрлер деп атады. Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.
Қандай жағдайда біз қара денені көре аламыз?
A. Егер дене оған түскен барлық жарықты жұтатын болса
B. Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті жұтатын болса
C. Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті шағылдыратын болса
D. Егер дене ақ жарықтың барлық құрама бөліктерінен біркелкі шағылатын болса

6-ТАПСЫРМА : Термометр
Термометр - дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді қазіргі түріне 1723 жылы Фаренгейт келтірді және оны қалай істейтінін суреттеп берді. Басында ол да өз трубкаларын спиртпен толтырды, сосын барып сынапқа көшті. Өзінің шкаласында нөл деп ол қар мен нашатыр немесе ас тұзымен араласқандағы температураны алды. Ал судың қатуының бастауы деп 32° градусты, ал сау адамның денесінің температурасы ретінде ол 96° алды. Сосын ол судың қайнау температурасын анықтады, ол 212° тең болды. Мұздың еруі мен судың қайнау температурасын 1742 жылы Цельсий нақтылап көрсетті, бірақ басында ол 0°-ты қайнау, ал 100°-ты қату температурасы ретінде көрсетті.
Сұрақ 1: Термометр
Термометрдің жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген?
A. Температураның артуына байланысты сұйықтың қысымының артуына негізделген
B .Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген
C. Температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне құйылған сұйықтықтың массасының өзгеруіне негізделген
D .Температураның өзгеруіне байланысты сұйықтың қысымының өзгеруіне негізделген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет