1-тапсырма: мәтінді орыс тіліне аудар (переведите на русский язык)



Дата06.01.2022
өлшемі14,8 Kb.
#15558
түріСабақ
Байланысты:
18. Экспортқа шығарылатын өнімдер. Сапалы өнім. Ұлттық тауар биржасы


Сабақтың тақырыбы: Экспортқа шығарылатын өнімдер. Сапалы өнім. Ұлттық тауар биржасы

1-тапсырма: мәтінді орыс тіліне аудар (переведите на русский язык).

Қазір экспортқа шығарылатын тауарлардың ішінде Қазақстанды айшықтайтын, брендке 

айналған өнім жоқ. Бірақ ондай ерекше өнім деңгейіне көтерілетін, брендке айналатындай мүмкіндікке ие ұжымдық және сертификатталған белгісі бар жобалар баршылық. Еттен дайындалатын өнімдердің қатарында өзіміздің қазы-қарта, жал-жаямыз әлі күнге сыртқы нарықта қазақстандық өнім ретінде сұранысқа ие бола алмай отыр. Бірақ халықаралық талаптарға сәйкестендіру арқылы келешекте ұлттық тағамдарды әлемге танытуға болады. Ол үшін сол өнімді шығаратын компаниялар сыртқы нарықта өзіндік орнын иемденіп, олардың өніміне деген сенімді, сұранысты туғызуы керек. Экологиялық таза тауар ретінде біздің ұлттық тағамдарымыздың талай адамның тілін үйіретініне күмән жоқ. Қазір Қазақстан ұны мен макарон өнімдерінің бренді насиқатталып жатыр.

2- тапсырма: ЕРЕЖЕНІ оқы, дәптерге жаз!

Үстеудің мағыналық түрлері

Үстеулер қимыл, әрекеттің мезгілін, мөлшерін, мақсатын себептерін білдіруіне қарай мынандай сегіз түрге бөлінеді.

1) Мезгіл үстеулер етістікпен тіркесе қолданылып, қимыл қозғалыстың уақытын аңғартады. Мысалы:бүгін, кеше, ертең, кеше, ертелі-кеш, анда-санда, т.б. Мезгіл үстеулер: қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап береді.

2) Мекен үстеуі деп қимылдың орнын, бағытын білдіріп қайда? қайдан?сұрауларына жауап беретін үстеулерді айтамыз. Олар: ілгеріде, әрде, кері, жоғары, төмен, жолшыбай т.б.

3) мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қашан? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мыс: онша, сонша, оншалық, соншалық т.б.

4) Сын-бейне үстеуі қимылдың сан түрлі бейнесін, орындалу амалын аңғартып, қалай? қалайша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте т.б.

5) Мақсат үстеулер. Қимылдық мақсатын білдіреді. Мысалы:әдейі, жорта, қасақана т.б.

6) Күшейту (я ұлғайту) үстеулер заттың сынын, қимылын өзін, немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де қалай? қандай? Деген сұрақтарға жауап береді. Бұл топқа мынадай үстеулер жатады: ең , әбден, ылғи, тіпті, тым, жоқ, нық, мүлдем т.б.

7) Себеп – салдар үстеуі олардың себебін я салдарын білдіреді. Оларға мынандай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге т.б.

8) Топтау үстеулері амалдық және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы істелгенін немесе, көрсетілгеніне, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, он-ондап, көп-көптен,топ-тобымен, рет-ретімен, үйді-үйіне т.б.



3- тапсырма: Үстеулерді қатыстырып, шетелдік достарыңызға "Қазақстанда жасалған" деген таңбамен шығарылған кез келген өнімге жарнама жаса. (используя наречие, рекламировать зарубежным друзьям любой товар с пометкой «Сделано в Казахстане» с дополнениями.

Қажетті үстеулер: бүгінде, ұдайы, нағыз, жаңаша, ерекше

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет