5. Біз тұтынушылардың компанияның тауарлары мен қызметтері туралы хабардар болуын қалай арттырамыз?
Біз ең алдымен кәсібімізді онлаин түрде жүргізіп көреміз. Ол жақта міндетті түрде интернет қосымша программалары арқылы біз жайлы таратамыз. Мысалы:Instagram, Facebook, WhatsApp,VK т.б.
Себебі қазіргі таңда көшеде жүріп бұл курс жайлы біреуге түсіндіріп айту қиын. Кез-келген адамды тоқтатып, оның уақытын алу адамдардың ашуын туғызады. Ал ашулы адамға курс жайлы түсіндіру өте қиын. Ал интернет желісінде көп адамдар бос уақыты бар кезде кіріп қарайды. Жәнеде кітаптар сататын жерлерге қосымша ілеміз. Бірақ ол жерден оқып адамдар бізге қоңырау шалуы екі талай. Сол себепті көпшілігі интернет желісі арқылы хабар таратамыз.
6. Клиенттерге біздің компанияның құндылықтық ұсыныстарын бағалауға қалай көмектесеміз?
Курсқа қатысуға қызығушылығымен келген клиентке біз ең бірінші курс жайлы оны қалай өтетіні жайында айтып миын ашытпаймыз. Ол кезде клиент райынан айнып, кетіп қалуы әбден мүмкін.Ең алдымен біз оның бос уақыты қай кезде болатынын сұраймыз. Сосын қаражат жайында сөйлесеміз. Себебі клиенттің қаражаты кейде жетпей қалуыда мүмкін. Біз ол жағында қарастырып қойғанбыз.Ары қарай курс артықшылықтары жайында айтамыз. Ескеретін жайт, клиент алдында көп сөйлемей, сөзді қысқа қайыру. Себебі клиент бізге кері сұрақ қойып, қарым-қатынас жасауы тиіс.
7. Клиенттерге белгілі бір тауарды немесе қызметті сатып алу мүмкіндігін қалай ұсынамыз?
Интернетте жарнаманы өте әсерлі етіп жасау, біз үшін өте пайдалы. Егер жарнама адамадарды қызықтыра алса, ол адам міндетті түрде ішіне кіріп оқиды. Сол себепті жарнамаға курстың ең бірінші пайдасы жайлы және қаражат жайлы жазу керек. Бұл жағдай адамдарды ең бірінші көз жүгіртіп оқуына ыңғайлы. Кез-келген интернеттен желісінде жарнама жүргізіп, ол жарнама басынан-ақ адамады қызықтыра алуы тиіс.Сол жағын қадағалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |