6.Сіздің құнды ұсынысыңыздың бірегейлігі неде?
Менің курсымны құнды ұсынысының бірегейлігі- жастардың жан-жақты дамуына, ойлау қабілеттерін, көзқарастарын өзгертуіне атсалысып жатқаным. Менің ұсынып отырғаным, кез-келген Қазақстан азаматына керек деп ойлаймын. Білімді, зияткер, ұшқыр ойлы, дамыған азамат болып қалыптасуына кішене болсада бере көмегі зор! Олар тек білім алып қана қоймай, өз тәжірбиесін молайту мақсатында, өзгеде елдерге жолдама алады.
СРСП
Құнды ұсыныстар.
1 тапсырма. Сіздің бизнесіңіздің тақырыбына тікелей немесе жанама байланысты клиенттеріңізді толғандыратын ең маңызды мәселелер тізімін жасаңыз.
Кәсібімде клиенттерімді толғандыратын мәселе болғанын қаламаймын. Әрине кейде біз ойлағандай болмай жатады, біріншіден клиенттерімнің қорқуы, менің қолымнан келмейді үйрене алмаймын, болмаса ютубтан қарап-ақ үйреніп алатын нәрсе екен, ақшам зая кетті, және сабаққа қатысу барысында, сабақтың өтілу барысы ұнамауы мүмкін, көңілдері толмауы мүмкін. Бұндай кәсіпте жүрген адам барлығына даяр болу керек деп ойлаймын.
1. Клиенттер не үшін төлеуге дайын?
Біздің сала білім жағын қамтамасыз етеді. Бізде клиенттер көпшілігі мектеп оқушылары немесе ЖОО студенттер болуы мүмкін. Қанша жерден, орыс тілін мектептер мен университеттерде оқытса да, айналадаға адамдардың көбі осы тілде сөйлесе де, орыс тілін жақсы білмейтін, сөйлей алмайтын немесе орысша түсінбейтін азаматтарымыз жеткілікті.
Өз келешегі үшін, жақсы өмір сүруі үшін. Тіл білу қазіргі таңда өте қажет,себебі Қазақстан өзінде орыс тілі қазақ тілінен кейін екінші орында тұр.Біздің курстан кейін тіл білу арқылы өзіңіздің келешегіңіз үшін жұмыс, тіпті шетел көру мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |