1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



бет16/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 3. Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортак пікір жок. Олар бұл мәселеге әр жақтан карайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыкка алып (өндіріс тәсілінің және қоғамнын таптық құрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.
Ал У. Ростоу және т.б. "экономикалық өсу сатысы" деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан түрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу (жылжу) қоғамы; 4) индустриялдык және 5) индустрияланғаннан кейінгі (постиндустриялдык) қоғам. Бірінші сатыға алғашкы кауымдык, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализмді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнін басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен оларсанаспайды.
Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялык деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлык саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдыкөмірдің барлық саласын өзінін бакылауына алады. Авторитарлықсаяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдартобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялык партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардын құкыктары мен еркіндіктері шектеледі. Демократиялыктәртіпте түлға кұкығы биік тұрады, билік жүмысын қоғам бакылауға алады. Онда биліктіц өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау ар-кылы халык сайлайды, азаматтарға саяси кұкыктар мен еркіндіктер беріледі, елде зандылык билейді.
Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқа-рудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тск бөлуге бағдар ұсатайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей аксүйектердің саяси жәнс экономикалык үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан еллерде калыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халыктын саяси билікке қатысуына шек койылады.
Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына карай, құндылыктар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын-америкалық, құрылыктық-еуропалык, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық.
Саяси жүйенің ағылшын-америкалык түрі ондағы саяси мәдениеттін бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына койған саяси мақсат-мұратын және оған жетудін жолдары мен әдіс-тәсілдерін халыктың бәрі колдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепкорлық, пысыктық, ұқыптылық сияқты либералдық құндылықтарға негізделеді. Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мүндай жүйе тұракты және тиімді кызмет атқарады. Оған АҚШ-ты, Англия, Австралия, Канаданы жатқызуға болады.
Құрылықтық (континенталдық) – еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылыктары әртүрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнактары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінің либералдык құндылықтарға, зандылыққа сүйенген ортақ негізі бар. Сондыктан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады.
Индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Онда батыстын кұндылықтары, этникалык салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғырланған. Құрылықтық-еуропалык саяси жүйемен салыстырғанда онда ортак негіз жок. Заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері жете тармақталмаған. Олар бірінін ісіне бірі араласа береді. Бүл елдерде авторитарлык тәртіп, күшке сүйену бой алған. Бүған Азия, Африка, Латын Америкасының кептеген елдері жатады.
Тоталнтарлық жүйеде саяси мәдениеттін таптық сипаты бар. Сырттай карағанда ол біртектес сиякты. Оның кұндылықтарын қоғамның барлық мүшелері мойындайды. Бірақ оны еріксіз жасанды. Бидсуші ІІартия саяси жүйенің барлык элементтерінін іс-орекетіие бакылау жасайды.
Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенін көгжырлығын көрсетеді. Сондыктан саяси жүйені топ-тастырғанда әр түрлі өлілемді, белгілерді, тәсілдерді басшылыкка ала отырып қарастырған жөн.
Бакылау және өзін-өзі тексеруге арналган сұрактар
1. "Қоғамның саяси жүйссі" деп нені айтады?
2. Саяси жүйе кандай кызметтерді атқарады?
3. Саяси жүйенің басты элементіне не жатады? Неге?
4. Г. Алмонд псн Д. Истонның саяси жүйс теорияларындагы айырма-шылыктар қандай?
5. Саяси жүйені жіктегенде кандай өлшсм колданылады?
6. Саяси жүйені топтастырудың кандай түрлсрін білссіз?
7. Қазакстаннын казіргі саяси жүйесі қандай түрге жатады?
8. Саяси жүйенің қандай түрі тұрақты келеді? Неге?
5-тарау. ДЕМОКРАТИЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет