1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



бет23/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 3. Қазіргі сайлау жүйесі
Өркениетті, демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады, билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.
Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, сайлаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. шаралар кіреді.
Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құкығы дейді. Оның 2 түрі бар: 1) белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.
Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық және аралас түрі болып бөлінеді.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.
Можаритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және бір дауыс) алған талапкер саналады. Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермейді. Сондықтан сайлаудың екінші тұры өткізіледі. Мұнда бірінші түрде көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.
Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.
Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған.
Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және оңай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшіліктері де бар. Оның ең бастысы - сайлаушылардың қалған 49 пайызынын (ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді.
Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы - ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ. айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған.
Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі - сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.
Мажоритарлық және пропорционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін аралас сайлау жүйелері қолданылады. Онда депутаттық мандаттың бір бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады, екінші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді. Ұсақ партиялардың өкілдерін шектеу үшін мұндайда төменгі шек қойылады. Мысалы, Германияда 5 пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттілігі шектеледі, яғни парламентте орын ала алмайды. Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді.
Еліміздің сайлау жүйесіне келсек Қазақстан Республикасы азаматтарынын мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуға құқығы бар. Сайлау жалпыға бірдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.
Жалпыға бірдей белсенді сайлау кұқығы - Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады.
Бәсең сайлау құқығы - Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент, Парламент және мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану кұқығы. Мәселен, 1999 жылдың 10 қаңтарында мажоритарлық жүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә.Назарбаев мезгілінен бұрын жетіжылдық мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. (Бұған дейін 1990 жылғы сәуірінде Жоғарғы Кеңес Президент етіп сайлаған. 1991 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылғы референдумда Президентгің өкілетгілігі ұзартылған).
Еліміздің кәсіби Парламенті тұңғыш рет 1994 жылғы 7 наурызда сайланған. Бірақ 1995 жылғы наурызда Конституциялық Сот оны заңсыз деп, таратып жіберді. 1995 жылы жаңа Конституция бойынша екі палаталы Парламент сайланды. Жоғарғы палата (Сенат) 47 депутаттан тұрды, оның 7 сенаторын Президент тағайындайды. Төменгі палата (Мөжіліс) 67 депутаттан тұрады. 1999 жылы Жаңа парламенттік сайлау болды. Парламент мүшелерінің бір бөлігі партиялық тізім бойынша сайланды.
Конституцияда Президенттікке және Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі және сол лауазымда болу мерзімінің шегі белгіленген. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Сенат депутаты болып азаматтықта кем дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және кем дегенде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республикада кем дегенде 3 жыл тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат депутаты болып Қазақстан Республикасының 20-ға толған азаматы сайлана алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет