1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 1. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі



бет29/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 1. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі
"Элита" термині француздың "еlite" деген сөзінен шыққан, яғни, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элиталық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын "Саяси ғылым негіздері" (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш касиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
"Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Себебі, олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. "Олигархияның темірдей заңы" осы дейді Р. Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) "Билеуші элита" атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.
Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер "Абсо-лютгік кұкық" деген еңбегінде қазіргі элитаны жабык каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясатқерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үш-бұрышын құрайды. Олар үкіметті кдлыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.
Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ыкпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет