1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары



бет3/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
Парадигма (гректің paradeiqта - теория, үлгі деген сөзінен) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялықпайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
"Парадигма" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі — Г.Кун. Кейін бұл ұғым ғылымның барлық саласында, соның ішінде саясаттануда кеңінен пайдалануда. Құнның ойынша, парадигма саясатты зерттеуге бағыт береді. Сол бағыт бойынша зерттеуші белгілі бір дәстүрлерге, саяси идеялар мен теорияларға сүйене отырып нақтылы мәселені шешеді. Ол саясаттың барлық тарихын бір парадигманың екінші парадигманы үнемі ауыстырып отыруымен түсіндіреді. Ол үшін қоғамда қалыптасқан парадигмаларға өмірдің даму барысында қайшылықтар шығады, олар ұлғая келіп жаңа жүйелі парадигманы тудырады. Ол біртіндеп ықпалын кеңітіп, негізделеді және алдынғы парадигманы ығыстырып, ауыстырады. Кейін оның өзі де осындай күн кешеді, яғни басқа парадигмамен ауыстырылады.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді – сыни деп жүйелеуге болады. Енді қысқаша соларға тоқталалык.
Теологиялық парадигма. Ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымнын алғашқы дами бастаған кезекінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінді.
Натуралистік парадигма. Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Географиялық ортанын саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар Гиппократ, Платон, Аристотельдер атап айтқан болатын. Алайда оны теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529-1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан сол елдің философы Ш.Монтескье ( 1689-1755). Оның ойынша, географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттін құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер XX ғасырдың басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді. Ол дүниені құрылықтық және теңіздік күштердеп екіге бөлді. Қалай болса да, бүгінгі танда елдің географиялык жағдайы оның сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады. Бұларға адамдардың саяси саладағы іс-әрекеттерін зерттеуді алға тартатын бихевиористерді де жатқызуға болады (американдық ғалымдар Ч.Мерриам, Г.Лассуэлл).
Натуралистік парадигмаға психологиялық бағытта жатады. Ол саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін калағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм, Б.Рассел және т.б. Мысалы, Б.Рассел биліктің мәнін білу үшін адам өміріндегі қорқыныш, үрей, торығу, қамығу, ұжымдық долылық (ашу-ыза) сияқты психологиялық құбылыстарды зерттеп білу қажет дейді. Өйткені, оның ойынша, саяси лидерлерге өздерін диктатор еткізетін осы қасиеттер, олар өктемдіктерін жүргізу үшін халықтың осы қасиеттерін ұтымды пайдаланады. Сондықтан, дейді ол, диктаторлық тәртіпті болдырмаудын әдісі - ел ішінде жоғарыда аталған құбылыстарды тудырмайтындай жағдай жасау.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарды. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі (құрылысы) қажетті түрде өзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.
Батыс саясаттануында кең тараған тағы бір тұжырымдамаға "құқық үстемдігі" теориясын жатқызуға болады. Оның негізім салушылар Р. Моор, Дж.Гудмем, Г.Макдональд және т.б. саясатты құқық тудырады деп санайды. Олардын ойынша бір заңның орнына жаңа өмір талабына сай келетін екінші заң келеді. Сөйтіп зандардың бірін-бірі алмастыруы қоғамды жетілдіреді. алға жылжытады. Яғни зандардың алмасуы қоғамның қозғаушы күшіне жатады дейді. Сондықтан саяси өмірді сараптап, талдау үшін, олардың пайымдауынша, зерттеуші құқықтық нормаларды зерделеуі керек.
Әлеуметтік парадигманың бір түрі ретінде мәдениеттанулық көзқарасты қарауға болады. Ол саясаттың мәнін, саяси процестердің мазмұнын адамдардың мәдени даму деңгейімен, ұстанатын, басшылыққа алатын құндылықтарымен түсіндіреді. Адам соған байланысты саяси өмірде іс-әрекет жасайды деп қарайды.
Тиімді (рационалды) – сыни парадигма. Ол саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Жанжалдық парадигма XIX ғасырда пайда болды. Оның негізін қалағандар К.Маркс, А.Бентли, Земмель, Козер және т.б. Олар саяси өмірге дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж.Бертон, К.Ледерер және т.б. жатады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси организмнің өзін-өзі жетілдіріп, дамытуына әкеледі дейді.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М.Вебер, Дьюи, Э.Дюркгейм, Т.Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарынын, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларынын бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға комектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революзиялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты үстанушылар орта топ санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен олардың түрлері осындай.
§ 4. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі – ортақ қогамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтай алған ләзім.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының не-ғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын және т. с. с. ашып дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, кұбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы зандылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдың жалпы жақтарын қарастырғанда фәлсафа тұжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді.
Саясаттану эконамикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіз дейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырулын құқықтық тегіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Саясаттану құқықтануға жалпы теория оның теориялык - әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндеп сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкіметте әдеттегі қызметін атқара алмайды.
Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі - әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, иіын мәнінде. демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып-үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.
Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тоталитарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жүртшылыктың саяси мәдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді Саясаттануды оқып-үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркендетті және заң шеңберінде, демократиялық институтар арқылы өз мүлделерін білдіріп қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Қазіргі демократиялық мемлексттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгерімілік құндылықтарды, әсіресс, әрбір тұлғамын еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап қадірлеуге негізделеді.
Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, кұқығы менміндеттерін құрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда лайықты жөнтаба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі, берік саяси тәртіпсіз жеке адамның шын мәніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес. Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың арасында "этикалық парызды" насихаттауға, оларды мемлекет және оның шығарған заңдарын сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға әрқашан дайын болуды қалыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін мұндай тәсіл, көзқарас Еуропада, әсіресе Германияда, XX ғасырдың 60 жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ-та көптеген жылдар бойы саяси білімнін пайдалы нәтижеге жетуді көздеген прагматикалық бағыты басым дамыған. Ол азаматтарды өзінің өмірлік мәселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым-қатынаста, ынтымақтастықта шешуді үйретеді. Әр түрлі дау-дамай, шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық және америкалык ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке түлғалардың мүдделерін үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.
Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына карамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді.
Азаматтардын. көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкіміпілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың эномикалық тиімсыз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін баянды етуге, билік құрылымдарын қалыптастыруға, қоғамды көмірді демократияландыру, саяси мәдениетті сомдау, өсіп келе жатқан ұрпақты саяси әлеуметтендіруге саясаттандыру курсын оқып-үйренудің маңызы өте зор.
Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Саясат деген не, ол қашан пайда болды?
2. Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма?
Аристотель "адам өзінің табиғаты бойынша саяси тірі жәндік" деп не себепті айтқан?
3. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай?
4. Саясаттың қызметтеріне не жатады?
5. Саяси процестерді зерттегенде саясаттану қандай әдістерді пайдаланады?
6. Саясат пен моральдың ерекшеліктері неде?
7. Саясатты тек ғылым ғана емес, өнер де дейді. Неге?
8. "Теориялык" және "қолданбалық" саясаттанудың ара қатынасы кандай?
9. Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымның орны қандай?
10. Тұлғаның саяси мәдениетін қалыптастыруды, оның демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруге саясаттанудың әсері қандай?
11. Саясаттанудың Сіздің мамандығыңызға қажеті бар ма? Қандай?
2 - т а р а у. САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ.
Кейбіреулер саясаттанудың даму жолын оқып керегі не деп те ойлауы мүмкін. Ондай ой ағаттық болар еді. Себебі, біріншіден, қазіргі өркениетті деп саналатын когамдык құрылыс, демократия-лық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола койған жок.. Оған мындаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп. әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты. Екіншіден, қоғамдық ой-пікірде түпкілікті, үзілді-кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға береді. Ал тарих болса, ескі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден, адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік қысымы, логикасы болады. Оларды оқып-білу арқылы адам саяси тәжірибе жияды. Сондықтан саясаттанудың тарихын білмей, казіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді. Төртіншіден, кейбір саяси теорияларды негіздеушілер және олардың жақтаушылары өз іс-әрекеттерінің шындығын дәлелдеу үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихи тағылымға талмай үңілуді талап етеді. Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-үйренудің маңызы зор.
Саясаттанудың даму тарихыи зерделегенде тағы бір есте болатын жай - қай заманнын ойшылдарын болмасын ойландырған, әлі де ойландыратын ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына жататындар: мемлекет деген не, ол қалай пайда болды, не үшін керек, оның ең жақсы түрі бар ма, билігінің шегі қандай, әділдік деген не, саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қандай және т. с. с. Бұл мәселелер жөнінде әр ойшылдың өзіндік пайымдаулары болғандығын төменде жиі байқайтын боламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет