§ 2. Биліктің түрлері
Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялык және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің колында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император ұлы герцог сиякты құрметті атағы беріледі). Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсалюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шакта) болатын. Казіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жок. Конституциялық монархияда монархтын билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және казірдің өзінде ойдағыдай кызмет етуде. Қазір конституциялык монархиялык, құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Нор-вегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония жәнет. б. елдердесақталған.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары орган-дары белгілі бір уакытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны "парламенттік президент" дейді. Ол — салтанатты өкілдігі бар символдык қайратқер. Конституция бойынша оған белгілі бір қүқыктар беріледі. Бірак ол құқыктарды жүзеге асыру үшін тиісті кұжатқа премьер-министр немесе министрлердің біреуінің қойылған колы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.
Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, кұпия сайлау аркылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы, АКДІ, Франция т. б. елдерде. Мүнда атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Мүндай билік алғаш рет АКШ-та орнады. Бүл елдің басқаруы президенттік демократиянын ішінде ең үлгілісіне жататындықтан оған толығырақ тоқталайық. АКШ-та президент 4 жылға сайланады. Онда премьер-министр болмайды. Президентмемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты) басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олартек Президентке ғана есеп береді. Оның кылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халыкаралық келіссөздерді жүргізуге күқығы бар. Атқарушы билік шеңберіндегі шешімдердің бәрін президент кабылдайды. Ол саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, түрактылықты бейнелейді. Ал үкімет бұл кезде күнделікті істермен, елді басқару мәселелерімен айналысады. Президенттік билік төрелік ететін әділ қазы сияқты рөлді атқдрады. Мысалы, экономикалык бағыт қиыншылыктар тудырса, үкімет алмасуы мүмкін. Жана үкімет басқа саясат жүргізеді, ал мемлекеттін бастығы баяғы орнында қала береді. Бұдан біз президенттік басқарудың билігі зор екенін көреміз. Бірақбұл биліктіңде шегі бар. Еңалдымен президенттің зан шығаруға өкілетгігі жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды (оны Конгресс шешеді). Парламент президенттін қай тағайындауын болса да бұза алады (оны "право вето" деп атайды). Конгресс президентті орнынан ала алады (оны "импичмент" дейді). Мысалы, АКДІ-тың бұрынғы президентінің бірі Р. Никсон "уотергейт ісі" үшін ("Уотергейт" конақ үйінде орналаскан демократтардың штаб-пәтеріне жасырын тындау құрылғысын қоймак болғаны үшін) отставкаға кетуге мәжбүр болды. Егер президент конституцияны бүзса, не мемлекетке опасыздыкжасаса, Конгресс оны жұмыстан босата алады. Бірак, ол президенттін саясатымен келіспесе, ол үшін оны босата алмайды. Президенттік республика Латын Америкасы елдерінде кеңтараған. Ондай билік Ресейде, Казақстан және ТМД еддерінін басқа республикаларында да орнауда.
Яй/7тмеятт//с тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билікте, атқарушы билікте парламентке тәуелді. Ол салыкты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халыкаралык, келісімшарттарды кабылдайды, соғыс аша алады, әскерді камтамасыз етеді және т.б.
Қазіргі кезде көптеген елдердің парламенті екі палатадан түрады. Феодалдык мемлекеттерде ол елдін өкілдігін үйлестіруге мүмкіндік берді. АКШ-та, Францияда оны үстемдік етуші топтар заңгерлерді "шектен тыс демократияландыруға" жібермеу үшін парламент ішінде косыміпа тежеу факторы ретінде пайдаланды.
Төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау аркылы калыптасады. Жоғарғы палатанынқұрылуы әртүрлі болады. Мысалы, Англияда парламентгін, жоғарғы палатасына (Лордтар палатасы) мұрагерлікпен өмір бойы болатын пэрлер (жоғарғы аристократ-тық атак), ондай құкығы жоқ пэрлер және Англия шіркеуінің жоғарғы шенділері кіреді. АКШ-та сенатқа (Конгрестін жоғарғы палатасы) әр штатган (халык санына байланысты емес) екі өкідден сайланады. Германияда жоғарғы палатаның депутаттарын әр жердің үкіметі тағайындайды.
Көп елдерде белгілі бір дәрежедегі адамдарды парламентке сайламау заң жүзінде ескерілген. Әдетте, бұл ереже мемлекетгік, қарулы күштер, сот кызметкерлеріне қолданылады. Сонымен катар депутаттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жем-корлықты өрбітпеу үшін парламент мүшелеріне олардың мерзімі өткенше мемлекеттік және жеке меншік фирмаларда, компания-ларда қызмет етуге тыйым салынады. Саясатқерлер мен заңгерлердің кызмет бабындағы мәліметтерді өздерінін, жеке басының баюына пайдалануларына рүксат етілмейді.
Парламент бірпартиялық және екіпартиялык. болуы мүмкін. Бір партиялықпарламент, әдетте, кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы, Финляндияда солай, ірі және дамыған елдерде екі партиялық парламент болып келеді. Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Германияда, Францияда жәнет. б. елдердегі сияқты.
Парламенттің мезгіл-мезгіл үкіметтен есеп беруді талап етуіне, ен маңызды саяси шараларды бекітуге, үкіметке сенім білдір-меуге құкығы бар. Мұнда ең маңызды нәрсе — үкіметке сенім білдіріле ме, жок па, ол дауыс беру арқылы шешіледі. Сондык-тан күрес дауысты көбірек алудыңайналасында болады. Мысалы, Германия, Үлыбритания жәнет. б. елдерде демократиялык парламенттік тәртіптің өмір сүруі олардың парламентте көпшілік дауыс алуынан. Егер сенімсіздік білдірілсе, кабинеттің отставкаға кетуіне тура келеді.
Әр елде Парламентті әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ, Филиипинде және Латын Америкасының көптеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда — Сейм, Иран мен Турцияда — Мәжіліс. Израильде — Кнессет. Шиецияда — Риксдаг, Францияда — Үлттық жиналыс дейді.
Республиканын үшінші түріне аралас (оны жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды) республика жатады. Мүнда президенттік те, Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Үкіметке екі жакты (Президенттің алдында да және парламенттің алдында да) жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалык ондай түріне Франция жатады. Сонымен катароған Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия және т.б. мемлекеттерді жатқызуға болады.
Билік басқару түрімен катар құрылысына карай да ерекпіеленеді. Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді. Олунитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.
Унитарлық (латынның біртүтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыкка бағынады, мемлекетгің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортак. Мысалы, ондай мемлекеттерге Гре-ция, Италия, Қазакстан, Польша, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Швеция жәнет. б. жатады.
Федерацт деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жана бір мемлекетті күруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс, Мысалы, мүндай федеративтік мемлекеттерге Австралия, Австрия, АК.Ш, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей және т. б. жатады.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттеріи үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т. с. с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық. азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәрінеміндетті заңшығарушы билікболмайды.Онын алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778—1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1981—1989 жылдары Сенегамбияда болды. Казір конфедерацияга ұксас құрылымды Еуропалыкодақ құрмакойы бар.