1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 6. Саяси әлеуметтенудің типтері



бет48/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 6. Саяси әлеуметтенудің типтері
Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау-жанжалдық.
Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда кұқықтық тәртіп орындарына, мемлекетке, өзінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық, туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ, Ұлыбритания елдерін жатқызуға болады.
Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әлеуметтік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақтырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену біртаптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оган бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады.
Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың, олардың құқығы мен еркіндігін, тендігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылықка алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.
Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әртүрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының азаматтарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын. Өйткені біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі либералдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар бойымызға сіңген жоқ. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметтендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұрынғы жастар ұйымы (октябряттар, пионерлер, комсомол) өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты барда, заты шамалы. Сайлау кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық экономика кезінде ақпарат құралдары қаржының тапшылығынан жарнамаларды жариялауға көбірек көңіл бөлуде.
Сайып келгенде, қазіргі саяси әлеуметтену процесінде 2 түрлі үрдісті байқаймыз. Біріншіден қоғамның демократиялануы, халықтың саяси іске араласуына мүмкіндіктің молаюы. Екінші жағынан көпшілік халықтың тұрмысы төмендеп, жүмыссыздық көбейіп, саясатқа селқос қараушылықтың өрістеуі.
Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. "Саяси мәдениет" деп нені айтады?
2. Қоғамның, жеке адамның өмірінде саяси мәдениет қандай рөл атқарады? Оған қандай мысалдар келтіре аласыз?
4. Қоғамның саяси құрылымындағы, биліктін ұйымдастырылуындағы ерекшеліктерді (нақтылы елдерде) саяси мәдениеттің ықпалымен түсіндіруге бола ма?
4. Саяси мәдениеттің қандай типтерін білесіз?
5. Қазақстандық саяси мәдениеттің қандай ерекшеліктерін атар едіңіз?
6. Саяси әлеуметтенудің мақсаты неде?
7. Саяси мәдениет пен саяси әлеумсттенудің ара қатынасы, өзара әсері қандай?
8. Адам өзінің саяси әлеуметтенуінс қалай әсср етеді?
9. Саяси әлеуметтенудің шегі бар ма?
Ю.Саясаттану пәнін оқып үйрену барысында қандай саяси құндылықтарға ие болдыңыз?
IV б ө л і м. САЯСАТТАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН СЫРТҚЫ САЯСАТ
13 - т а р а у. САЯСИ ШИЕЛЕШС ПЕН САЯСИ ПРОЦЕСС

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет