1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 4. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні



бет46/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 4. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні
Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.
"Әлеуметтену" деген ұғымды XIX ғ. аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф. Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологы Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты. XX ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары "саяси әлеуметтену"деген ұғымда ойлап шығарды. Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыкқа алуын жатқызды.
Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси әлеуметтену деп түлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінін қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінін барлық жиынтығын айтады.
Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажетгіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарға (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға XX ғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясатқерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал-шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектілерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемлік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
- қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
- қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
- саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.
Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік-саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.
Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет